Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау



бет5/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Аттестаттау формасындағы сыртқы бақылау критерийлері мектепішілік бақылау (МІБ) критерийлері мен мазмұнын айқындайды.
МІБ бағыттары ("Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығының 17-қосымшасын қараңыз)
Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау.
Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау.
Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау.
Базалық және қосымша білім беруді қамтамасыз етуді бақылау.
Мектептегі тәрбие жұмысының жағдайын бақылау.
Оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау.

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу - білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі («Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000061_).


Аккредиттеу білім беру мекемесінің құзыретін растау мақсатында белгіленген және жалпы қабылданған сапа стандарттарына сәйкестігін бағалау саласындағы уәкілетті органдар жүргізетін ерікті бағалау болып табылады.
Мектепті аккредиттеудің негізгі артықшылықтары:

  • аккредиттелген мектептер қазіргі кездегі ең жоғары сапалы қолжетімді білімді ұсынады;

  • аккредиттеу мектептерді өз қызметін үздіксіз дамытып, жақсартуға ынталандырады;

  • аккредиттеу оқушыларға (және студенттерге) оқу орнын таңдауды жеңілдетеді.

Мектептерді сыртқы бағалауды осы мектепте жұмыс істемейтін білім беру қызметкерлері жүргізеді және нәтижелері білім беру саласындағы уәкілетті органдарға жеткізіледі. Аккредиттеу процесінде жекелеген қызметкерлер немесе мұғалімдердің жетістіктеріне емес, жалпы мектептің нәтижелеріне назар аударылады. Бұл бағалау мектептің сапасын және оқушылардың үлгерімін бақылауға немесе жақсартуға бағытталған.
Қазақстандық мектеп үшін сыртқы бағалаудың жаңа формаларының бірі - Назарбаев Зияткерлік мектептері сияқты әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті болу үшін аккредиттеу, соның ішінде, халықаралық аккредиттеу.
Мектепті сыртқы бағалау білім беру сапасын қамтамасыз ету аспектілерінің бірі болып табылады, оны дамытуға кейбір елдерде үлкен мән беріледі. Бұл практика Еуропа елдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің тамыр жайған тәсілі болып табылады. Мектептің тиімді мониторингі мен бағалануы оқушыларды оқытудың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің кілті болып табылады. Мектептер қандай тәжірибені жақсарту керектігін анықтау үшін өз қызметі туралы кері байланыс алуы керек және ол өзінің жетістіктері мен нәтижелері үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс.
Мектептерді сыртқы бағалау сабақ беру және оқыту, мектепті басқару, білім беруді басқару, мектеп ортасы және адами ресурстарды басқару, оқушылардың нәтижелерін талдау сияқты негізгі процестерге шоғырланған. Инфрақұрылым, қаржыландыру және мектеп персоналының сипаттамалары де ескеріледі. Мектептерді сырттай бағалау тікелей араласу арқылы жақсартуға әкелмейді, бірақ кәсіби өсуге, шынайы және нақты есеп беруге, деректерге негізделген талдау мен салыстыруға әсер ету арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет