Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ӘДІСТЕРІ



бет40/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ, ОЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ӘДІСТЕРІ
Деректерді жинау мониторинг жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұны жүзеге асыру үшін мониторинг субъектілері келесі сұраққа жауап беруі керек:
Мониторинг деректерін жинау үшін қандай көрсеткіштерді қолдану керек?
Мектептің білім беру сапасының және білім беру тиімділігінің көрсеткіштері
Білім сапасының көрсеткіштерін таңдау. Таңдалған мониторинг моделін жүзеге асыру үшін білім сапасы мен мектептің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің барынша толық жиынтығын құрастыру қажет.
Көрсеткіштер жиынтығын таңдау мен құрылымдау негіздері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда көрсеткіштер жиынтығы:

  • барынша толық болуы;

  • қолдануға барынша ыңғайлы болуы;

  • басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қолданылатын және пайдалы болуы;

  • білім сапасын басқару мәселелерінде шешілген міндеттерге сәйкес білім беру қызметі туралы ақпарат жинауды және байланыстыруды қамтамасыз етуі;

  • болжам жасауға мүмкіндік беретін және бірнеше жыл бойы маңызын жоймайтын ақпаратқа бағытталуы;

  • ақпарат жинаудың сенімділігін, қарапайымдылығын, экономикалық мақсаттылығын қамтамасыз етуі керек.

Білім сапасының мониторингінде көрсеткіштерді келесі топтарға жіктеуге болады:

  • білім беру жүйелерінің жұмыс істеу сапасының көрсеткіштері;

  • оқу процессі сапасының көрсеткіштері;

  • оқу нәтижелері сапасының көрсеткіштері;

  • оқытудағы инновация сапасының көрсеткіштері (ақпараттық технологияларды, педагогикалық ғылым мен практикадағы озық тәжірибені қолдану);

  • білім беруді материалдық қамтамасыздандыруды сипаттайтын сапа көрсеткіштері;

  • білім беру ұйымын басқару сапасының көрсеткіштері.

Көрсеткіштердің бірінші тобы. Бірінші топтың көрсеткіштері келесіні сипаттайды: білім мазмұнының сапасы, құрылымы, білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісін ұйымдастыру формалары; оқу мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асырудың тиімділігі; озық педагогикалық технологиялардың болуы, педагог кадрларды даярлау жүйесінің сапасы және т.б.
Сондай-ақ, білім беру жүйелері сапасының жалпыланған көрсеткіштері тобын ескеру қажет, оларға басқарушылық шешімдерді қабылдау жеделдігінің сипаттамаларын, ақпараттық мүмкіндіктердің болуын, жүйелердегі тікелей және кері байланыстың тиімділігін, білім беру жүйесінің даму үрдістерінің болжамдылығын және т. б. жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет