Егер бұл орындалса не болады? Бұл сұрақ сіз қалаған нәрсені алудың (қалаған нәрсеге/мақсатқа кол жеткізудің) артықшылықтарын іздеуді қамтиды. «Бұл» сөзі қабылданған шешімнің орындалуын білдіреді. Бірінші сұрақ ең айқыны болғандықтан, мүмкіндігінше көп жауап табу өте маңызды, яғни ойға бірінші келгенмен тоқтамаңыз. Бұл сұрақтың жауаптары сізді шешім қабылдауға итермелейді.
Егер бұл орындалМАса не болады? Бұл сұрақ қалаған нәрсені алмаудың артықшылықтарын іздеуді көздейді. Басқаша айтқанда, егер сіз қабылданған шешімді іске асырудан бас тартсаңыз, екінші сұрақтың жауаптары не болатынын көрсетеді және бәрі бұрынғыдай қалады. Жауап беру кезінде сіз жоғалтқыңыз келмейтін осы ереженің барлық артықшылықтарын жазыңыз.
Егер бұл орындалса, не болМАйды? Бұл сұрақ қалаған нәрсені алудың кемшіліктерін іздеуді көздейді.
Үшінші сұрақтың жауаптары сіздің шешіміңізді жүзеге асыру үшін төлеуге тура келетін бағаны білдіреді.
Егер бұл орындалМАса, не болМАйды? Бұл сұрақ қалаған нәрсені алмаудың кемшіліктерін іздеуді көздейді. Төртінші сұраққа жауап бере отырып, сіз шешімнің орындалуына кедергі келтіретін қалған «жоқтарды» бөліп қоясыз.
10-сурет. Декарт квадраты.
Дереккөз: https://4brain.ru/decision/metod.php
Түйіндеме Сонымен, мониторинг білім беру ұйымын заманауи басқарудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, ал мониторинг барысында жиналған ақпарат басқару шешімін қабылдауға негіз болуы керек.
Мектепішілік бақылау жүйесінде мониторингтің «орны» қандай? Әрбір басшы мектепішілік бақылау оның тікелей міндеті екенін біледі және ол білім беру қызметі туралы нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі, сонымен қатар "бақылаудың мәні мен нысандарын білім беру туралы заңнамамен, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысымен анықталған білім беру ұйымының құзыретіне және жауапкершілігіне сәйкес мектеп басшысы анықтайды".
Бақылаудың мәнін түсіну негізінде кез келген ұйымның қызметін бақылау келесі сұрақтарға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек деп айта аламыз:
Қандай нәтижелерге қол жеткізілді? Олар қаншалықты маңызды?
Бұл нәтижелерге жетуге кім үлес қосты?
Жоспарланған іс-шаралар осы нәтижелерге қол жеткізуді қаншалықты қамтамасыз етті?
Басқарушылық қызмет қаншалықты сәтті болды?
Бақылау нәтижелері бойынша қандай шаралар қабылдау қажет, соның ішінде жағдайды тұрақтандыру (егер қажет болса) және қызметкерлерді ынталандыру үшін?
Дәл осы мәселелерді мектептің мектепішілік бақылау саласына сенімді жатқызуға болады.
Осы сұрақтарға жауап беретін деректерді қалай жинауға болады?
Бұл жерде мониторинг көмектеседі, себебі ол ақпараттың жалғыз-жарым жиналуын емес, өзгерістердің динамикасын анықтау мақсатында сол көрсеткіштер бойынша бірізді жиналуын қарастырады.
Мониторинг пен мектепішілік бақылауды бір нәрсе деп айтуға бола ма?
Әрине, олай емес. Мектепішілік бақылау білім беру ұйымын басқарудың жетекші функцияларының бірі болып табылады және басқарушылық шешімдерді қабылдай отырып, қызметтің нақты параметрлерінің берілген, нормативтік (басқаша айтқанда: тексеруден) ауытқуларын анықтаудан құралады. Мониторинг ақпараттық жүйе ретінде мектепішілік бақылау аясында ақпараттық функцияны орындайды және тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Мониторинг нәтижелері мектептің оқу жылындағы жұмысын талдауда көрінеді және мектептің алдағы оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарын және мектептің болашақта даму жоспарын, мектепті дамыту жоспарын жасау кезінде ескеріледі.