Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет62/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Білім беру сапасы - білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы.
Бақылау – басқарылатын объектінің функционалдық процесінің қабылданған басқару шешімдеріне сәйкестігін бақылау және тексеру жүйесі, басқарылатын объектіге басқарушылық әсер ету нәтижелерін анықтау; басқару функцияларының бірі.
Білім беру ұйымын бағалау критерийлері - білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген талаптардың жиынтығы.
Критерий (гр. Kritērion) - осының негізінде бір нәрсені бағалау, айқындау немесе жіктеу жүргізілетін белгі; пайымдау, бағалау өлшемдері.
Әдіс (гр. methodos –дұрыс жол) – белгілі бір мақсатқа жетудің тәсілі, жоспары; ғылымда толық және шындыққа сәйкес келетін нәтижені алу үшін тақырыпты зерттеудің әдісі мен тәртібі.
Әдістеме – қандай да бір жұмысты мақсатқа сай жүргізу әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Мониторинг (лат. monitor – алдын алу) бағалау, бақылау немесе болжау мақсатында объектілердің, құбылыстардың, процестердің жағдайын арнайы ұйымдастыра отырып, жүйелі түрде бақылау.
Білім беру сапасының мониторингі – ұлттық, өңірлік және жергілікті (мектептерді қоса алғанда) деңгейлерде маңызды білім беру аспектілері бойынша деректерді жинаудың жүйелі және тұрақты процедурасы.
Білім беру мониторингі - білім беру жүйесі немесе оның жекелеген элементтері туралы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату, басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған, кез келген уақытта объектінің жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін және оның дамуына болжам беретін жүйе.
Білім беру ұйымдарын бағалау – бұл бағалау процесінің нәтижесі (білім беру ұйымының қызметі деңгейінің сандық және сапалық сипатталуы).
Педагогикалық мониторинг – оның жай-күйін үздіксіз бақылауды және оның дамуын болжауды қамтамасыз ететін педагогикалық жүйенің қызметі туралы ақпаратты ұйымдастыру, жинау, өңдеу, сақтау және тарату формасы. Педагогикалық мониторингі объектісі мұғалім, сынып жетекшісі, оқу процесі болуы мүмкін.
Көрсеткіш – объекті немесе процесс қасиеттерінің жалпыланған сипаттамасы, эмпирикалық деректердің көмегімен теориялық ережелерді тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін әдіснамалық құрал болып табылады. Белгілі бір қасиеттің барын немесе жоғын белгілейтін сапалық көрсеткіштер мен белгілі бір қасиеттің дәрежесін, дамуын белгілейтін сандық көрсеткіштер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет