Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Мектепішілік бақылаудың субъектілері



бет15/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Мектепішілік бақылаудың субъектілері
Мектепішілік бақылауды жоспарлауды мектеп менеджментіндегі объект-субъект қатынастарын модельдеу процесі деп санауға болады, өйткені басқару функциясына заманауи тәсілдер осы үдеріске мектептің бүкіл педагогикалық ұжымының қатысуын көздейді.
Бақылау функциясын кімнің орындайтынына байланысты мектепте әкімшілік (басқарушылық) бақылау, ұжымдық бақылау, өзара бақылау және өзін-өзі бақылауды бөліп айтуға болады.
Әкімшілік (басқарушылық) бақылауды білім беру ұйымының басшылығы алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүйелі түрде жүргізеді.
Ұжымдық бақылауды педагогикалық ұжым (мысалы, әдістемелік бірлестік шеңберінде) кәсіби пікірталастар, жұмыс туралы шығармашылық есептер, сараптамалық кеңестер және т.б. формаларында жүзеге асырады.
Өзара бақылау тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыруда тиімді болып табылады.
Өзін-өзі бақылау педагогикалық рефлексияның көрінісі болып табылады және өзін-өзі жетілдіру мақсатында қызмет нәтижелерін өз бетінше талдауға бағытталған.


MІБ түрлері, формалары және әдістері
Мектепішілік бақылаудың формалары мен әдістерін таңдау оның мақсаттарымен, міндеттерімен, бақылау объектісі мен субъектісінің сипаттамаларымен, уақыттың бөлінуімен анықталады. Әр түрлі формалар мен әдістерді қолдану нақты, негізделген жоспарлау, оны жүзеге асыруға әкімшілік өкілдері, мұғалімдер, білім беру органдарының қызметкерлері қатысқан жағдайда мүмкін болады.


Мектепішілік бақылау түрлері
Мектепішілік бақылаудың түрлерін, формалары (нысандары) мен әдістерін жіктеу мәселесі қазіргі уақытта қызу талқылаунуда. Бұл осы мәселенің теория мен практикада өзектілігін растайды және оңтайлы шешім іздеуді жалғастыруға бағыттайды. Теоретиктер мен практиктер арасында Т.И. Шамова ұсынған мектепішілік бақылаудың түрлері мен формаларын жіктеу кеңінен танымал. Бұл жіктеу құрылымдық тұрғыдан тұрақты, логикалық, практикалық қолдануға ыңғайлы, ең бастысы, бақылаудың түрлері мен формалары біртұтас педагогикалық процестің сипатына толық сәйкес келеді. Мұнда бақылаудың екі түрін бөліп көрсетеді: тақырыптық және фронталды.

4-сурет. Мектепішілік бақылау түрлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет