Бақылау әрекеттерін ізгілендіру. Бақылаудың ізгілігі бақылау барысында мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі даму динамикасы, кәсіби өсуінің бағаланатнын білдіреді.
Тексерушінің құзыреттілігі.Мектеп директоры немесе оның орынбасары мектепте оқытылатын барлық пәндердің мазмұнын біле алмайды. Бұл жағдайда өзіңізбен бірге сабаққа немесе сыныптан тыс іс‐шараға әдістемелік бірлестіктің құзыретті мұғалімдері немесе тәлімгер мұғалім қатарынан кәсіби маман алған дұрыс болады.
Бақылауды даралау. Әр мұғалімнен әлеуетті шығармашыл тұлғаны көру және оның өзіндік ерекшелігіне сәйкес бағалау технологиясын құру. Ол үшін әр мұғалімнің жеке ерекшеліктерін анықтап, оларды бақылау жүргізу түрлерімен байланыстыру қажет.
Бақылауды үйлестіру. Педагогикалық менеджердің өкілеттіктерін аса белсенді және тәжірибелі мұғалімдерге жүктеу. Бақылауға жауапты әдістемелік бірлестіктің жетекшісінен басқа, бұл ұжымның белсенді мүшелері немесе қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін.
Жоспарлы бақылау . Бақылау мақсатын іске асыру оның негізгі іс-әрекеттерін: мазмұнын, мерзімдерін, бақылау субъектілері мен объектілерін байланыстырған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
білім беру ұйымдарындағы сапаны жақсарту мақсатында басқа да өкілдермен, ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру,а бағытталған.
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ Мектепішілік бақылауды жоспарлау Жалпы алғанда, педагогикалық бақылау келесі элементтерден тұратын күрделі әрекеттер жүйесі: стандартты белгілеу, деректерді жинау және бағалау, әрекеттер. МІБ нәтижесі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жиналған деректерді педагогикалық талдау болып табылады.
3-сурет. МІБ жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру