Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет54/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88
Бақылау сұрақтары:
1. Оқушылардың білімін тексеру және қайталаудағы әдістер мен формалары.
2. Оқушылардың жаңа білімді оқып үйренуін ұйымдастырудағы мұғалімнің жұмысы
3. Сабаққа қандай көрсеткіштер бойынша жалпы баға беріледі?
Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 241- 248 беттер

  1. апта

21 дәрістің тақырыбы: Оқытудың дәрістік-семинарлық бөлімі және практикалық жұмыстардың түрлері
1. Оқытудың дәрістік-семинарлық бөлімі және Практикалық жұмысқа арналған дәптер.
2.Кескін картамен жұмыс істеу жолдары.
Мақсаты: Оқытудың дәрістік-семинарлық бөлімі және практикалық жұмыстардың түрлеріне анықтама беру
Тірек сөздер: дәріс, семинар, практика, материал, әдіс
1. Оқытудың дәрістік-семинарлық бөлімі. Жоғары сыныптарда жиі қолданылады. Мектептерде сабақ кезінде жүргізіледі. Бұл әдісті 3-4 сабақты қамтитын тақырыпты өткенде қолданады. Мысалы: «Әлемнің халықтар географиясы» Брінші сабақ немесе екі сабақ дәріс өтіледі, үлкен материалды қамтитын тақырыпты барыша қысқаша түсіндіріп шығу. Сосын оқушылар оқулық мәтінімен, кестелермен, карталармен, қосымша әдебиет көздерімен және т.б көздерден өзіндік жұмыс орындайды. Соңынан семинар жұмысы мен аяқталады, яғни оқушылар өтілген тақырыпқа алдын-ала әзірленіп келеді. Оқушылардың бір тобы берілеген тапсырма бойынша, оқытушы рекомендация берген қосымша географиялық әдебиет көздерін пайдалана отырып қысқаша анықтама береді. Екінші бір тобы қабырға газетін дайындау үшін материалдар әзірлейді (газет, журналдардан қиып алады).ал үшінші бір тобы иллюстрациялық-картографиялық материал әзірлейді. Яғни бүкіл сынып қайталауға арналған сұрақтармен жұмыстанады. Мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек оқытудың дәрістік-семинарлық бөлімі жаңа өткен тақырыпты терең түсінуге, өз бетімен танымдық қабілетінің дамуына және қызығушылығын арттырады.
2.“Географияны оқыту әдістемесі” курсы мектепте географияны үйрену теориясының мәселелерін баяндайтын лекциялар мен практикалық сабақтардан тұрады.
Практикалық сабақтарда оқушылар оқу мен тәрбиені біртұтас деп қарап, географияны оқытудың принциптері және алған білімді жаңа модульдік технология негізінде игеруге мүмкіндік береді. Практикалық сабақтарда оқушылар (атлас, карта, суреттер) оқу құралдарын пайдаланып, білім алады. Практикалық жұмыстар оқушылардың географияға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Берілетін тапсырма алдымен дәптерге жазылады. Сондықтан да, географияға арналған дәптер практикалық жұмыстарға арналады. Мұғалім дәптерді тоқсанына бір рет тексереді, бір тексергенде бірнеше баға қоя алады. Дәптерде бағдарламаға сәйкес практикалық жұмыстар, берілген сұрақтарға жауаптар, тест сұрақтары, тапсырмалар жазылады. Сонымен қатар, оқып үйрену, білімін бекіту, жинақтау кезіндегі суреттемелер, карта-кескіндер, диаграмма, таблицалар баяндалады. Географияның тілі-графика. Мысалыға, «Атмосфера» тақырыбын өткенде оқушылар ауа райына бақылау жүргізеді, тиісті мағлұматтарды жазып алады. Орташа температураны есептеп шығарады, бір айға, бір жылға есептеген график жасайды. Желдің қозғалу жылдамдығын, бұлттану, ылғалдылық диаграммасын сызады, ауа-райының тәулік, бір ай ішіндегі өзгерістерін жазып отырады. Экономикалық география курстарында практикалық жұмыстар оқытушы ұсынған немесе ұжым болып жасаған үлгі кесте бойынша ұйымдастырылады. Мұндай тапсырмаларға өнеркәсіп кешендерін, жергілікті кәсіпорындарды, транспорт жүйелерін, территориялық өнеркәсіптік кешендерді оқып үйренуді жатқызуға болады. Оқушылар географияға арналған дәптерді пайдаланғанда мынаны есте ұстау керек:
1. Бағдарламадан тыс жазбаларды жаздырмау.
2. Арнаулы графикалық санақграфикалық материалдармен жұмыс істеуде өзіндік жұмыс пен практикалыжұмыстарды бөлек жазу.
2.Кескін карталармен жұмыс істеу Кескін карталар географияны оқыту процесінде үнемі пайдаланылады. Олар географиялық атауларды салу, географиялық конспект жасау. Бағдарлама бойынша кескін карталарға әр тақырып бойынша өтілетін географиялық обектілерді (тауларды, жанартауларды, жазықтарды, мемлекеттерді, астаналарды және т. б.) салады.
Кескін картамен жұмыс істеуді ұйымдастыру барысында ұқыптылықты талап ету қажет (қандай құрал-жабдық - сондай шебер) қағидасын ұстану қажет. Бірінші сабақтан бастап оқушыға кескін картаны дұрыс және ұқыпты толтыруды талап етеді. Сондықтан, әрбір оқушыда кескін картамен жұмыс істеу үшін қажетті құралдар болуы тиіс:
1. Орташа қатты қара қалам, 2. Түрлі – түсті карандаш, 3. Сызғыш және үшбұрышты сызғыш, 4. Циркуль, 5. Өшіргіш, кей жағдайда тушь, бояу, қалам.
Кескін картамен жұмыс істеуді мыналардан бастауға болады: 
1.Оқулық, атлас, әдістемелік нұсқауларды дайындау. 
2. Қажетті обьектілерді дайын картадан, кескін картасынан табу.
3. Картада жазылған обьектілерді (жағалау сызығының элементтерін, өзен, көл, канал, қалалардың пунсондары т.б.) табу. 4. Картада берілмеген обьектілерді түсіру (пайдалы қазбалар, тасымалдаушы жолдар, өнеркәсіп орындары т. б.)
Кескін картасына жазғанда сызу сабағында үйренген шрифтті пайдалану керек, картаның беті жазуға толып кетпеуі тиіс, жазуды түсірудің де өзіндік талаптары бар. Мысалы өзенді жазғанда жазуды өзен ағысы бойымен қарағанда картаны бұрмай-ақ көретіндей етіп жазады, басталатын жерінен бастап жазады. Егерде өзен ұзын болса, бірнеше рет қайталауға болады. Екі қатарға қатар жазуға болмайды. Қалалардың аттарын пунсоннан оң жақтан бастап параллель бойымен жазылады. Егерде аталуы ұзақ болса, бірінші әрпін бас әріппен жазып, қалғанын картаның легендасында – аңызында ашып көрсетеді. Көлдер, аралдардың да аттары параллель бойымен жазылады. Шығанақ, бұғаз, түбек, таулы қыраттар - олардың бағыттарына қарай жазылады. Пайдалы қазбаларды түсіргенде мектепке арналған атластан онша ауытқуға болмайды, оларды да параллель бойымен түсіреді, тығыз картоннан шаблонды сызғыш жасап алып түсірген өте ыңғайлы. 
Картаның легендасы (аңызы). Әрбір кескін картаның негізі болып табылады. Онда қысқартылған аттар, пайдалы қазбалардың аттары, түсіндірме сөздер беріледі. Әрбір жаңа түсінік жаңа қатардан бастап жазылады. Дайын қатар жетпесе, келесі бетіне жазуға болады. Кескін картаны пайдалана отырып, географиялық диктант, қысқаша бақылау жұмысын алуға болады. Географиялық диктантта міндетті түрде обьектілер беріліп, оларды кескін картада белгілетуге болады. Мысалыға, «Саяхат», «Викторина» т.б. Қысқаша бақылау жұмысында мұғалім алдын ала 5-6 варианттық билеттер дайындайды, онда 3-4-і кескін картаға арналған тапсырмалар болуы мүмкін. Мұндай жұмыстарға 10-15 минут уақыт беріледі. Картограмма және картодиаграмма. Картограмма–бұл кескін картасында территориялардың бөліктерін төртбұрыш, дөңгелек, тік тұрғызылған сызықтар арқылы түсіру. Сандық көрсеткіштер клеткалар арқылы көрсетіледі. Картодиаграмманы жасағанда мынадай жұмыстар қолданылады: 
1. Алдымен алынатын аймақтың шекарасын біріктіреді.
2. Диаграммалық белгілерді масштабқа байланысты орналастырады (шекаралары аудандарына сәйкес келетіндей).
3. Кескінге диаграммалық белгілерді орналастырып тексеру.
4. Картодиаграмманы соңғы өрнектеу. Кескін карталар.
Көбінесе материалдың берілуінде анық және тез арада түсінуіне көмектеседі, аз уақыт кетеді. Белгілі бір елдің, жердің географиялық жағдайын салыстырады. Практикалық жұмыстардың жасалуына көмектеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет