Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет55/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Бақылау сұрақтары:

  1. Географиялық білімнің негізгі элементтерін ата.

  2. Географиялық фактілерді қалай қолдануға болады.

  3. Іскерлікліктің оқушыларды оқыту-тәрбиелеу барысында атқаратын ролі.

  4. Географиялық түсініктің қалыптасуындағы түрлері.

  5. Оқушыларды географиядан іскерлікке қалай оқытуға болады.

Әдебиет: Л.М Панчешникова Методика обучения географий всредней школе. Москва «Просвещение» 1983 г, 55-85 беттер И.В Душина, Е.А Таможняя, В.Б Пятунин
22 дәрістің тақырыбы: Сарамандық жұмыстардың география сабағындағы рөлі.

  1. География сабағындағы сарамандық жұмыс және оның классификациясы.

  2. Географиялық біліктілікті қалыптастырудағы сарамандық жұмыстың маңызы.

Мақсаты: Географиядан факультативтік курстардың мақсаты мен міндеті және оның түрлеріне тоқталу.
Тірек сөздер: факультатив, геология, топография, картография, экономика, өндірістік.
1.География сабағындағы сарамандық жұмыс және оның классификациясы.
Сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу – география мұғалімдерінің басты күрделі мәселесі. Қазіргі уақытта географияны оқыту әдістемесінде бағдарламалық сарамандық жұмыс ұғымынан да маңыздылығы үлкен термин табу қиын. Сарамандық жұмыстардың түрлері жаттығу және қайталау, жеке және топтық болады, дәстүрлі сабақ түрінде де немесе ойын түрінде жүргізілуі мүмкін. Егер география бойынша сарамандық жұмыстар ұғымының анықтамасына келетін болсақ, жоғарыда берілген белгілердің барлығы жалпы түсінікті білдіреді. Іс жүзінде жүргізілетін минимум екі процес бар: бұл бағдарламалық жұмыстар, яғни, оқу курсының бағдарламасында көрсетілгендер және мұғалімнің міндетті түрде бағалауы. Сарамандық жұмыстар сынып журналында бір бағанада әрбір оқушыға белгіленуі керек. Осындай белгіленген бағаналардың саны бойынша тексерушілер – оқу меңгерушісі, әдіскерлер, аттестациялық комиссиялар - өткізілген жұмыстың есебін жүргізеді және бағдарламаның орындалуына бақылау жасайды. Алайда, бұл мәселеде қиындықтар байқалады. Әр түрлі авторлардың және ұжымдардың бағдарламаларында сарамандық жұмыстардың саны мен тақырыптарында айырмашылықтар болады.
сарамандық жұмысты жүргізудің маңызды ерекшелігін өз бетімен жұмыс істеудің танымдық деңгейі деп атауға болатындығын көрсетіп, оны да танымдық деңгейдің бір түріне жатқызады. Мысалы, оқушы жеке жұмыс жасайды, сондай-ақ жұмысты төмендегідей кезекпен орындайды:
а) оқушы мұғалім берген дайын жоспар бойынша жұмыс жасау;
ә) бастапқы жобаланған орындау шарттарынан кейін: нені, қалай және қандай жолмен орындау;
б) мұғалімге қажет жағдайда ғана сұрақтар қою және қажетті көмегін алу.
Жоғарыдағы сипатталған жағдайда оқушы жұмысы бөлшектік өз бетімен жұмыс жасау болып табылады. Егер, оқушы орындау жолының нақты нұсқаулары көрсетілмеген тапсырма алып, өзі жұмысты орындау тәсілдерін анықтап және орындау барысында көмек алмаса, онда осындай жағдайда ғана ол өз бетімен жұмыс жасайды.
Сарамандық жұмысты жүргізу формасы бойынша былай бөлінеді:

  • жеке;

  • топтық;

  • ұжымдық.

Топтық жұмыстар жұппен және оқушылардың саны әр түрлі болатын топтармен жүзеге асырылады, мысалы шағын топтарда 3 – 5 адамнан және үлкен топтарда одан да көп.
Сарамандық жұмысты орындау орыны бойынша «сыныптық» болуы мүмкін, яғни, сабақта орындалады. Үй жұмыстары үйде орындалады, сондай-ақ кітапханада, мұражайда, компьютерлік клубта, т.б. орындарда орындалуы мүмкін. Сонымен қатар, жергілікті жердегі сарамандық жұмыстар да болады.
Сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізудегі тағы бір маңызды сұрақтардың бірі – сарамандық жұмыстардың нәтижелерін ұсыну формасы:

  • Мәтіндік жұмыстар. Тапсырмадан күтілетін жауаптар жеке сөйлемдерден және сөз тіркестерінен құралуы мүмкін, сондай-ақ байланысатын мәтін – сипаттама, обьектілер мен құбылыстарды сипаттайтын түсіндірмелі болуы мүмкін. Мәтіндік жауап кесте түрінде де жазылуы мүмкін. (мысалы, Қазақстанның табиғат зоналарының компоненттеріне сипаттама). Бұдан басқа соңғы жылдары «сарамандық жұмыс бағдарламасының» тізіміне «... туралы хабарлама» және тағы да басқа рефераттарды енгізетін болған.

  • Картографиялық жұмыстар. Бұған кескін карталардағы немесе қолмен салынған карталардағы картографиялық жұмыстарды жатқызуға болады. Бұл негізінен нақты өмірде бар карталар болуы мүмкін, сондай-ақ ойдан құрастырылған гипотетикалық территориялар да болады. Сонымен қатар, мұнда картосхемалар, картодиаграммалар, жергілікті жердің жоспарын жатқызуға болады.

  • Графикалық жұмыстар. Оқу суреттері, сызбанұсқа, т.б. формадағы жұмыстар жатады.

  • Статистикалық материалдар. Кесте, график, диаграмма формасындағы жұмыстар.

  • Фотосуреттер, бейнематериалдар.

  • Мультимедиялық өнімдер. Мысалы, компьютерлік презентациялар немесе веб-сайттар. (соңғысы жиі кездеседі.)

Жоғарыдағы мәліметтерден сарамандық жұмыстардың нәтижелерін ұсынудың әр түрлі формаларын жүйелеуге болатынын байқауға болады.
Сарамандық жұмыстарды жеткізу тілі бойынша екі формаға бөлуге болады:

  1. ауызша;

  2. жазбаша.

Сарамандық жұмыстардың жоғарыда көрсетілген классификациясының түрлері «география бойынша сарамандық жұмыс» терминінің маңызы зор кең ұғым деген пікірлерін дәлелдейді.
Сарамандық жұмыстар пән мазмұнының бір бөлігін құрайды. Олардан мектепте оқытылатын ғылыми негізделген зерттеу әдістері байқалады. Сарамандық жұмыстардың басты мәні оқушыларды берілген оқу пәніне арналған біліктілік пен дағдылармен қамтамасыз етуінде болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет