Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет21/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
4 апта
7 дәрістің тақырыбы: Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
Мақсаты: Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары туралы түсінік алады
Тірек сөздер: жаңа педагогикалық технология, оқу үрдісі, оқыту технологиялары,
түсіндірмелі-көрнекілік оқыту технологиясы, жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы.

Мектептің оқу жоспарында оқытылатын пәндер саны артып география сияқты кейбір классикалық пәндерге бөлінетін саған санының кемуіне байланысты қиындықтар туындауда. Мұның барлығы географияны оқыту әдістемесі бойынша теориялық зерттеулер жүргізуді, оқу үрдісін ұйымдастыруды басқа тұрғыдан қарауды қажет етеді.


Білім берудің қазіргі кезеңінде оқыту әдістерін, құралдары мен нышандарын жаңарту қажеттілігі туындауда. Соңғы мәселе оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізумен тығыз байланысты. Білім беруді жаңарту өсер ұрпақ оқытудың дәстүрлі емес әдістері мен оқу үрдісін ұйымдастыру нышандарын пайдалануды талап етеді. Осыған орай іс жүзінде кең тараған түсіндірмелі-көрнекілік және репродуктивті әдістерге ғана негіздеуге болмайды.
Қазіргі жеке тұлғаға бағдарлап оқыту қағидасы білім алушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеруді, жүйелілік-әрекеттік тұрғыдан қарауды пайдалануды, нақты жоспарланған оқыту нәтижелерін беруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру бағытында ерекше жұмыстар жүргізуді талап етеді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына оқытудың нәтижелі болуына қолжеткізу мақсаты қойылған. Бұл мәселені шешу психологияның ақпараттанудың, танымдық әрекетті басқару теориясының жаңа жетістіктерін қолдану негізінде белсенді түрде қолға алынуда.
Қазіргі кезеңде оқыту әдістемесінің орнына «оқыту технологиялары» түсінігі жиі қолданылуда. Педагогикадағы бұл жаңа бағын оңтайлы оқыту жүйесін жасаумен, әр түрлі ұйымдастырылған оқыту үрдістерін жобалаумен айналысады. Бірақ оқыту технологияларын енгізу олар дәстүрлі оқыту әдістерін ауыстырады деп атауға болмайды. Пәнді оқыту әдістемесінің құрамдас бөлігі болғандықтан технологияны жеке емес, оқыту әдістерімен қатар қолданады. Оқыту технологиялары оқу үрдісін толық басқару ойына негізделеді.
Оқыту технологиялары –бұл оқу үрдісі нақты нәтижелерге қол жеткізуге негізделіп жобаланған оқытудың тиімділігін арттыру тәсілдері.Әр түрлі үйымдастырылған оқыту үрдісінде қолданылатын «технология»термині шет елдік әдістемеден енген.Оның төменде көрсетілген бір-бірінен айырмашылығы болатын екі түсінігі бар:
а)оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы;ә)компьютерлік бағдарламалар,географияның жаңа мультимедиа оқулықтары сияқты оқыту құралдарына қатысты алынатын оқытудағы технология. Бірақ бірінші және екінші жағдайда да технологияларды пайдалану дидактикалық міндеттерді шешуде оқушыларға әсер ету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.
Мұғалімдер технологияның көмегімен нәтижелерге кепілдік беретін «өндірістік-технологиялық үрдіске» айналдыруға ұмтылады.
Педагогикалық технологиялар мұғалім мен оқушыларға ықпалды қалай оңтайлы ұйымдастыру керек екеніне негізделеді.Ол алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізуге кепілдік беретіндей оқу үрдісі жобаланып жүзеге асырылады.Мұнда мұғалімнің және оның басшылығымен жүзеге асырылатын оқушылардың іс-әрекетіорындалуы белгілі бір ретпен жүргізілетін әрекеттер тізбегіне сәйкес ұйымдастырылып алдын-ала жобаланған күтілетін нәтижелерге қол жеткізіледі.Қорыта айтқанда,технология сабақтың белгіленген мақсатына қол жеткізуді жан-жақты ойластырып алдын-ала анықтауға ұмтылады.
Технологиялық тізбек пәнінің (курстың,тақырыптың,жеке сабақтардың)мақсатына сәйкес мұғалім мен оқушылардың өзара байланысқан әрекеттерін белгілі бір ретпен жүзеге асыра отырып барлық білім алушыларға пән бойынша міндетті түрде берілетін жалпы білімнің мазмұнын меңгертуге кепілдік беруі тиіс.Кез-келген оқыту технологиясының міндеттібөлігі оқыту нәтижелерін болжауға әр түрлі өлшеуді пайдалану болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекет ғылым мен өнер,шығармашылықнормаларының үйлесімді жиынтығы болғандықтан технологияны оқу үрдісіне енгізу қиын.Оқыту технологияларында бағдарламаланғандар көп болғанымен оқушылардың шығармашылық әрекеті аз.Онда қойылған мақсатқа сәйкес оқу үрдісін басқару нақты жолға қойылған.
Ағымдағы кез-келген іс-әрекет түрлерінде мұғалім мен оқушылардың еңбектерінің нәтижелері алдын-ала жоспарланатындықтан білім алудың әдіс-тәсілдерін тираждауға мүмкіндік береді.Іс-әрекеттердің алгоритмі шығармашылықтан,әрекеттен алыс болады.Оқу үрдісіндегі ағымдағы әдіс бірегейлігінен,көркемдігінен,қайталанбауынан айрылған стандартты өнім беруі мүмкін.Бірақ әдістеменің құрамдас бөлігі ретіндегі технологияның қолданысқа енуге толыққанды құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет