Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет23/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Бақылау сұрақтары:

    1. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты?

    2. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясының мақсаты?

    3. Түсіндірмелі-көрнекілік оқыту технологиясының мақсаты?

Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 98-128 беттер

8 дәрістің тақырыбы: Мектеп оқулықтарына шолу. 5-6-сынып Жаратылыстану курсы.



  1. 5-сынып Жаратылыстану оқулығын оқытудың мақсаты. Курстың құрылымы және мазмұны

  2. 6-сынып Жаратылыстану оқулығын оқытудың мақсаты. Курстың құрылымы және мазмұны

Мақсаты: Мектеп оқулықтарына шолу. 5-6-сынып Жаратылыстану курсы жайлы мәліметтермен танысады.
Тірек сөздер: жаратылыстану, география, экология, физика, информатика, химия
1. 5-сынып Жаратылыстану оқулығын оқытудың мақсаты . (авторлары Б.Ш. Әбдіманапов, А.У. Әбілғазиев Алматы «Атамұра» 2017 жыл). Бұл оқулық айналамызды қоршаған табиғаттың тылсым тіршілігін ондағы болып жатқан қызықты да құпиясы мол құбылыстарды тереңірек зерттейді. «Жаратылыстану» сөзі табиғат құбылыстары, бізді қоршаған орта, әлем туралы білімдер жиынтығы дегенді білдіреді. Мектепте жаратылыстану ғылымының – физика, химия, биология, география, астрономия сияқты жеке салалары да оқытылады.
Жаратылыстану ғылымдарының арасындағы физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстар өзара терең байланыстарды жаратылыстану пәні арқылы түсінеді.
Оқу барысында табиғатта болатын өзгерістер мен олардың арасындағы байланысты ұғынып, жаратылыстанудың заңдылықтарымен танысады. Оқулықты оқу барысында жер ғаламшарының барлық – қатты, сұйық, газ тәріздес қабаттарының құрылысымен және олардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігімен танысады.
Оқулықта тұжырымдар мен нұсқаулар міндетті түрде түсініп оқуды қажет ететіндіктен көлденең сызықпен берілген.
Сұрақтар мен тапсырмалар, тәжірибе мен сарамандық жұмыстар шартты белгілермен көрсетілген
Жаңа түсініктер мен терминдер жаттығуға оңай болсын деп арнайы шрифпен барілген.
Жаратылыстану оқулығын оқи отырып оқушылардың дүниетанымдық көзқарасы дами түседі.
5 сынып жаратылыстану оқулығы Кіріспеден және 7 бөлімнен тұрады
1 бөлім Ғылым әлемі
2 бөлім Ғалам.Жер. Адам
3 бөлім Заттар және материалдар
4 бөлім Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
5 бөлім Энергия және қозғалыс
6 бөлім Экология және тұрақты даму
7 бөлім Ғылыми жаңалықтардың ашылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет