Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Эвристикалық әңгімелесуді сарамандық жұмысты орындау, оқу бейнефильмдерін көрсету, картамен,кестелермен жұмыстардың нәтижелеріне негізделіп өткізуге де болады.
Зерттеу әдісі- бұл әдісті пайдалануда оқушылар материалды өз бетінше оқып үйренеді. Бұл әдістің басты міндеті - оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға жетелейді.
Зерттеу әдісі көбінесе географияны оқытуда өлкетану принциптерін оқуда көптеп пайдаланылады. Бұл әдіс арқылы табиғатта және өндірісте алынып, жинақталған материалдарды өңдеп, сабаққа сараптама жасайды. Мұғалім оқушыға алдын ала зерттеу тапсырмаларын беріп, кеңес беріп, жұмысты жоспарлайды. Зерттеу тапсырмаларын орындау қорытындысында оқушылар хабарлама жасайды, мұғалім оған талдау жасайды, жалпы қорытынды береді.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - оқытуды ұйымдастырудың формаларын түсіндіреді.
Географияны оқыту әдістемесінде танымдық қызметтің сипатына қарай екі негізгі топқа біріктіреді: түсіндірме - суретті және шығармашылық. Түсіндірме - суретті әдіс тобына оқушылар дайын ақпаратты түрлі әдістер мен білім көздерінен ажыратуға бағытталады.
Проблемалық оқыту жаңа педагогикалық технологияда ерекше жаңалық емес. Оны 20 - ғасырдан бері қолданып келеді.
Проблемалық оқытуды әр түрлі ұстанымдар бойынша қарастыруға болады, яғни оқытудың жаңа түрі ретінде, оқыту принципі ретінде, жаңа дидактикалық технология ретінде. Проблемалық оқыту технологиясы төмендегі сызбада көрсетілген
Сонымен қатар, географияны оқытуда жаңа технологиялық әдістер қолданылады. Қазіргі уақытта модульдік технология, логикалық тірек – конспектілері және т.б. қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
Географияны оқытудың қандай методтары бар.
Репродуктивті методы.
Проблемалық мазмұндама методы.
Жартылай-іздену методы
Оқыту технологиясы дегеніміз түсінігі.
Әдебиет: 1. Л.М Панчешникова Методика обучения географий всредней школе. Москва «Просвещение» 1983 г, 55-62 беттер И.В Душина, Е.А Таможняя, В.Б Пятунин Методика и технология обучения географии вшколе. Москва 2004 г, 84-100; 107-151 беттер
2. «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәрістік оқу курсы: Оқу құралы/ Ахметова Э.Б., Баймағанбетова Қ.Т., Баубекова Г.Қ., Омарова К.И. –Қостанай: ҚМПИ 21-26 беттер
3. Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 64-77 беттер