Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет22/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Педагогикалық технология бұл-жоспарланған нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін оқыту теориясына негізделетін оқыту әдістерінің,ұйымдастыру нышандарының және оқу әрекеттерінің үйлесімділігі.Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты жоспарланған нәтижеге қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған оқыту әдістерінің,мұғалім мен оқушылардың өзара үйлесімді әрекетін ұйымдастыру.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі алдыға қатаң мақсат қоюды,оқу үрдісін қатаң басқаруды ұсынбайды.Оқыту әрекетін әдістемеде мұғалімнің педагогикалық шығармашылығы айқындайды,кері байланыс әлсіз,оқушылардың оқу жетістігін бағалау субьективті түрде жүргізіледі.
Педагогикалық технология мүғалім мен оқушылар әрекетін оңтайлы ұйымдастыруға негізделеді.Оның негізгі белгілеріне төменде көрсетілгендер жатады:
-қойылатын оқыту мақсатының алдын-ала болжалып жасалуы;-оқу мақсатына қолжеткізуге кепілдік беруге бағытталуы;-болжанатын тексеру жұмыстары арқылы жедел кері байланысының болуы;-оқытудың ағымдағы және қорытынды бақылау нәтижелерінің міндетті түрде бағалануы;-кез-келген мұғалімнің қайтадан өту арқылы оқыту әрекеттерін жаңғырту мүмкіндігінің болуы.
Оқыту технологиясында мақсаттар болжанып қойылады да, оқушылардың әрекеттері арқылы көрініс табатын оқыту нәтижелерімен анықталады. Мұғалім ол әрекеттерді өлшеп бағалауы мүмкін. Дәстүрлі әдісте оқыту мақсаты айқын берілмейді(мысалы,климат туралы білім беру немесе климаттаы оқып үйрену).Ал оқыту технологиясында біледі,түсінеді,пайдаланады,түсіндіреді,талдайды,бағалайды,болжайды деген терминдерді қолдана отырып,болжау мақсатын қояды.
Болжау мақсатын қалыптастырып болған соң меңгерілетін барлық оқу материалдары мағыналық бөліктерге бөлінеді.Әр бір бөлікке болжанатын тексеру жұмыстары жасалады.Содан кейін оқыту, тексеру, ағымдағы бақылау түзету енгізу және қайта оқыту жүзеге асырылады.Ол берілген мағыналық бөліктердің оқу элементтері толық меңгергенінше қайталанады.
Оқыту технологиясы мұғалімге сабақ жоспарында өзінің және оқушылардың іс-әрекетінің түрлері мен тәсілдерін,кездесетін қиындықтарды, білімалушылардың ойлау әрекетін көрсетуді, оқу материалдарын оқушылардың көзімен көруге мүмкіндік беретін ұсынылатын танымдық міндеттердің жауаптапы жоспарлауды талап етеді.Мұның барлығы мұғалімге оқу әрекетінің барысын жоспарлауға,оқу үрдісін кеңейтілген жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Оқыту технологиясының ең мәнді құрамдас бөліктеріне оқыту нәтижелерін болжау,кері байланыс орнату,білімді шынайы бақылауды қамтамасыз ету жатады.Бұл міндеттер оқушылардың меңгерген білімін бақылаудың арнайы өлшемдерін жасау арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан педагогикалық технологиялар оқытудың барлық мақсаттары мен деңгейлеріне есептелген стандартты ағымдағы және қорытынды тапсырмаларды (тесттерді) құруды қажет етеді.Дидактикада оқыту технологияларын төменде көрсетілген үш негізгі топқа бөледі:
-жалпы оқыту (оқыту-ұйымдастыру,оқу-зияткерлік,оқу-ақпараттық),арнайы іскерлік-дағыларын қалыптастыру мақсатында оқушыларға ақпарат беріп,олардың репродуктивті әрекеттерін ұйымдастыруларды көздейтін түсіндірмелі-көрнекілік оқыту технологиясы:
-қоғамдық-тарихи тәжірибенің нәтижелерімен үйлестіру арқылы оқытуды жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға негізделе отырып,баланың жеке субькетивті тәжірибелерін ашуға бағытталған жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясы (И.С.Якиманская);
-оқушының жеке тұлғасын дамытудың ішкі тетіктерін қосу бағытталған оқыту тәсілдеріне негізделген дамыта оқыту технологиясы.
Бұл топтағы әр бірі бірнеше оқыту технологиясынан тұрады.Атап айтсақ,жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясының тобы деңгейі әр түрлі (даралап) оқыту,өзара ұжымдық оқыту,білімді толық меңгеру,үлгілеп оқыту технологиясын қамтиды.Бұл технологиялар оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге,мұғалім мен оқушылардың өзара үйлесімді қарым-қатынасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мұғалім жұмысының тәжірибесіне жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясымен енгізу оқытудың басты нәтижесі әлемнің ғылыми-географиялық және жеке бейнесінің өзара байланысынан оның түрленуіне,сонымен қатар,оқушының өзін-өзі тәрбиелеуге ерекше назар аударады.
Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті оқу материалдарының мазмұнына,түрлеріне,нышандарына,оқу уәжіне қатысты алғанда оқушылардың қызығушылықтары мен іс-әрекеттердің түрлерін анықтау.
Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясын пайдалану барысында төменде көрсетілген шарттарды сақтау қажет:
-оқу материалдарын жеке мағыналық бөліктерге бөлу және олардың әрқайсына оқушыларда танымдық қажеттілігі тудыратын оқу-танымдық міндеттер қою;-оқушылар үшін оқытудың шынайы мәнін мақсты емес,пәнге қатысты уәжі айқындайтындықтан арнайы оқу-танымдық уәжін жасау;-өзінің мазмұны оқушылардың әрекеттерін жаңа оқу материалдарын оқып үйренуге,іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруге бағыттайтын бағдарланған танымдық оқу міндеттерін қою;-өзекті жағдайлар мен зияткерлік қиындықтарды тудыру арқылы оқу міндеттерін жүзеге асыру.
Географияны оқыту әдістемесінде оқыту технологияларын пайдаланудың біршама мол тәжірибесі жинақталған.Солардың ішіндегі танымалы ереже,үлгі,алгоритм,географиялық нысандарға сипаттама беру жоспары түрінде берілетін оқу жұмыстарының тәсілдерін қалыптастыру әдісі(технологиясы).
Бұл технология бір қатар география оқулықтары мен әдістемелік құралдардың әдістемелік аппараттарында көрініс тапқандықтан оны мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданады.
Педагогикалық қызметтерін жаңадан бастаған мұғалімдер өздерінің назарын оқу жұмыстарының тәсілдерін қалыптастыру арқылы географиялық іскерлікті дамыту технологиясы көрініс тапқан 6-сыныпта оқылатын Ә.Б.Бірмағамбетов пен К.Н.Мамырованың «Физикалық география» оқулығының(Алматы,2011ж),әдістемелік аппаратына аударуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет