Проблемалар мен қайшылықтарды шешу. Мүмкіндіктер тең емес әлемде жастарға
қақтығыстарды шешу және шиеленісті жеңілдету, әділеттілік пен еркіндік, тәуелсіздік пен
қауымдастық, инновация мен дәстүр арасындағы тепе-теңдікті табу дағдылары қажет болады.
Бір-біріне тәуелді әлемде адамдар басқалардың қажеттіліктері мен тілектерін түсінген кезде ғана
табысқа қол жеткізеді. Біз болашаққа дайын болу үшін, қысқа және ұзақ мерзімді перспективада
балама идеялар мен көзқарастарды ескере отырып ойлауды және үйлесімді әрекет етуді
үйренуіміз керек.
Жауапкершілік алу. Жаңалықпен, өзгерістермен, алуантүрлілікпен, белгісіздікпен өзара
әрекеттесу адамның тәуелсіз ойлау қабілеттілігін де, командада жұмыс істеу қабілеттілігін де
анықтайды. Бұл құзіреттердің негізінде өзін-өзі бақылау, жеке тиімділік, жауапкершілік,
мәселелерді шешу және бейімделу қабілеттері жинақталған
өзін-өзі реттеу мүмкіндігі жатыр.
Оқу бағдарламаларын салыстырмалы талдау
- білім беру бағдарламаларын жобалаудың жетекші қағидаттарын анықтауға мүмкіндік
беретін оқу бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасау.
Жобаны іске асыру барысында 15 қатысушы елдің оқу бағдарламаларына салыстырмалы
талдау жүргізілді. Жоба шеңберінде білім беруді дамыту үшін елдерге түрлі мәдениеттер мен
мәнмәтіндерде уақыт сынынан өткен білім беру бағдарламасын жобалаудың 12 қағидаты
әзірленіп, ұсынылды:
Достарыңызбен бөлісу: