Аралас оқыту (Blended Learning). Соңғы онжылдықта әртүрді технологияларға
негізделген оқытуды ұйымдар әртүрлі оқыту талаптары мен әртүрлі білім алушылар
аудиторияларын қолдау үшін қолданысқа енгізуде. «Тек сыныпта» тәсілі елеулі
өзгерістерге ұшырауда, онлайн оқыту енді қашықтықпен және шығындармен шектелмейді.
Аралас оқыту сыныптағы дәстүрлі оқыту мен онлайн оқыту әдістерін біріктіреді.
Мұнда дәстүрлі күндізгі оқыту электронды оқыту әдістерімен біріктіріліп, оқушылардың өз
әлеуетін толық ашуына мүмкіндік береді. Әрбір оқушының қажеттілігі мен оқу мәнері
әртүрлі, сондықтан бұл тәсілмен олар өзіне қолайлы қарқынынмен оқу мүмкіндігіне ие
болады.
Аралас оқыту әдісі тиімді, өйткені ол екі тәсілдің (сыныпта, онлайн оқу) ең жақсы
қасиеттерін біріктіреді және білім алудың шығыны аз және дербестендірілген тәсілдерін
ұсынады.
Мобильді оқыту Мобильді оқыту электронды оқытумен және қашықтан оқытумен тығыз байланысты,
оның айырмашылығы – мобильді құрылғыларды қолдану. Оқыту оқушылардың орналасқан
жеріне қарамастан және портативті технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мобильді оқыту тасымалдауға болатын қолайлы құрылғыларды пайдалану арқылы
жергілікті жерде оқуға байланысты шектеулерді азайтады.
Тәлімгерлік. Практикалық тәжірибе берудің бір әдісі – тәлімгерлік. Тәлімгер өзінің
білімін тәлімгерліке алған білім алушыға үйретеді, бағыт-бағдар береді, ой салады және, ең
маңыздысы, білімге ынталандырады.
STEAM-білім беру – әлемдік білім берудегі басты үрдістердің бірі. STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдануға, сондай-ақ
жаратылыстану ғылымдарын, технологияны, инженерлік өнерді, шығармашылықты,
математиканы бірыңғай оқыту жүйесіне ықпалдастыруға негізделген.
Технологиялармен
және
жоғары
технологиялық
өндіріспен
байланысты
мамандықтарды жаратылыстану ғылымдарымен байланыста меңгеру аса өзекті болып
табылады, әсіресе, биотехнология және нанотехнология мамандарына сұраныс өте жоғары
болып табылады. Кәсіби мамандарға әртүрлі ғылым салалары бойынша жан-жақты
дайындық пен білім қажет болады.
STEAM-білім беру бірнеше пән салаларын біріктіретін жаңа білім беру технологиясы
ретінде сын тұрғысынан ойлау, зерттеу құзыреттілігі және топпен жұмыс істеу дағдыларын
дамытады.
STEAM-білім беруді кең қолданысқа енгізу ел экономикасын дамытуға, оны
инновациялық және бәсекеге қабілетті етуге ықпал етеді. Сонымен қатар бүгінгі
оқушылардың болашақта табысты кәсіби маман болуына көмектеседі.
Сондықтан заманауи мектеп сыныпта өтетін пәндік біліммен қатар оқушылардың
бойында икемді дағдыларды, ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруы, қазіргі білім беру
үрдістерін ескере отырып, оларды келешектегі ересек өмірге дайындауы керек.