- тең білім беру мүмкіндіктері саясатын әзірлеу үшін әлеуметтік
және мәдени мәнмәтінде
оқушылардың үлгерімі туралы деректерді терең талдау;
- оқытушыларды даярлау және кәсіби дамыту бағдарламасын XXI ғасыр дағдыларына
сәйкестендіру;
- білім беру процесінің ұжымдық формаларын енгізу.
Келешектегі білім беру саласының алдында күрделі міндет –
ақпарат таратудың
заманауи құралдары қалыптастырған бытыраңқылықты жою міндеті тұр. Біз жаңа фактілер
мен әртүрлі көзқарастар қабылдана бермейтін, таптаурын пікірлер мен бөтен нәрсеге үрке
қарайтын ксенофобия үшін қолайлы орын болып табылатын әлеуметтік желілердегі
шектеулі ақпараттық ортада көп уақытымызды өткіземіз.
Білім беру жүйелері біздің санамызда ойлау дербестігін және өз бетінше әрекет етуге
қабілеттілікті, басқаларға жанашырлық таныту,
құрметпен қарау, жұмыста және өмірде
өзара ынтымақтастыққа дайын болуға қабілеттілікті тәрбиелеуі тиіс. Болашақтың адамы
нақты моральдық
бағдарға ие болуы, басқалардың алдындағы өз жауапкершілігін түсінуі
және өз мүмкіндіктерінің шегін білуі керек. Ол дамыған мәдени зиятқа ие болуы керек және
басқалардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын еркін қабылдауы керек. Ол қоршаған әлемді
танып-білудің әртүрлі тәсілдеріне – ғылымға да, өнерге де ашық болуы керек. Болашақта
көптеген іс-әрекет түрлері машиналардың орындауына көшеді, яғни адамға, оның
дағдылары
мен біліктілігіне, жеке тұлғасына қойылатын талаптар арта түсетін болады.
Андреас Шлейхер,
ЭЫДҰ білім және дағдылар жөніндегі директоры
Достарыңызбен бөлісу: