Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Міндетті білім беру ұзақтығының тұрақты түрде ұзаруы



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

 
3. Міндетті білім беру ұзақтығының тұрақты түрде ұзаруы біртіндеп мектеп 
бітірушілердің жаппай мектепті бітіргеннен кейін бірден еңбек нарығына шығуына немесе 
мектепте алған білімдерін қолдануды талап ететін кәсіптік білім беру бағдарламаларына 
ауысуына алып келді. Мұндай күрт «өзгеру» мүмкіндігі (мектеп – кәсіптік жұмыспен қамту) әр 
оқушының негізгі білімді ғана емес, сонымен қатар оларды әртүрлі тәжірибелік өмірде қолдана 
білуін талап етті. PISA білім беру сапасын халықаралық тұрғыдан зерттеу аясында бұл дағды 
бағалаудың орталық объектісіне айналды, дәл осы үрдістің көрінісі ретінде пайда болды. 
4. Болашаққа қатысты белгісіздік. Мектепте білім беру адам өміріндегі жаңа 
жағдайларға дағдылануға және бейімделуге үйрететін кезекті қадам болып табылады. 
Индустриялдық модель алдын ала болжанатын міндеттерді орындай алатын еңбекқор және 
бағынуды мүлтіксіз үйренген қызметкерлерді қажет етті. Қазіргі заманда басқа міндеттерді шешу 


қажет болады. Тұрақсыз әлемде өмір сүру дегеніміз көптеген белгісіз және кенеттен өзгеретін 
мақсаттар мен жағдайларда толып жатқан таныс емес міндеттерді шешу болып табылады 
(Brookings 2017; Hannon 2017; Поддъяков 2014 және т.б.). Мұндай міндеттерді шешу бұл 
міндеттерді шешетін адам мен оны орындау шарттарының арасындағы тиімді өзара 
әрекеттестікті қамтиды. Бұл үшін танымдық, эмоционалдық және әлеуметтік ресурстарды 
пайдалану қажет. Мұндай әлемде белгісіз жағдайға дайындала отырып, алдын ала барлығын білу 
мүмкін емес. Өз дағдыларын жаңарту, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану және жаңа қатерлер мен 
тәуекелдерді тани білу қажет. Алайда 1990 жылдардың ортасына дейін «оқу қабілетін» дамыту 
мектепте білім берудің мақсаты болған жоқ. 
 
5. ХХІ ғасырдың басында міндетті мектеп бағдарламасына кіретін білімнің ескіргені 
байқалды. Кәсіби және қоғамдық ұйымдар оны заманауи әлем туралы жаңа «міндетті білімді» 
қоса отырып кеңейтуді талап етті — нәтижесінде оқу бағдарламасы оқушыларға шамадан тыс 
жүктемені арттыра бастады. Жаңа білім «жаңа сауаттылық» деп жарияланды, бұл оның барлығы 
үшін маңызды екендігін білдірді. 2010 жылдарға қарай жаңа сауаттылық түрлерінің тізбесі 50-
ден астам атауды қамтыды, олардың ішінде қаржылық, цифрлық, құқықтық, экологиялық, 
денсаулық саласындағы сауаттылық және т.б. бар. Тіпті «жаһандық сауаттылық» деген ұғым 
пайда болды. PISA-2018 зерттеуінің аясында «Инклюзивті әлемге арналған жаһандық 
құзыреттіліктер» баяндамасы дайындалды. (OECD, 2016). Енді PISA «Оқушылардың жаһандық 
проблемаларды сын тұрғысынан қарастыру және мәдениетаралық өзара әрекеттестік 
дағдыларын, осы саладағы талдамалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қаншалықты 
қалыптастырғанын» бағалайтын болады. Сонымен қатар дәстүрлі сауаттылыққа түсініктеме беру 
аясы кеңейтілді: оған адамның ақпаратты әртүрлі нысанда (мәтіндік және визуалды, табиғи және 
ресми тілде және т.б.) түсіну және жеткізу қабілеті енгізілді. Ақпаратты жылдам өңдеу қабілеті 
үздіксіз білім алу үшін қажетті талапқа айналды және әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысуға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет