Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Түйіндеме 
Топ мәдениетінің мән-маңызы ұжымдық, өзінен-өзі белгілі негізгі идеялар жүйесі болып 
саналғанымен, мәдениет бақылауға болатын артефактілер деңгейінде және топ қабылдаған 
құндылықтар, нормалар мен мінез-құлық ережелері деңгейінде көрінеді. Мәдениеттерді талдау 
барысында артефактілерді байқау оңай болғанымен, оларға түсінік беру қиын екенін, 
құндылықтар белгілі бір қорытындылар мен талаптардың көрінісі болуы мүмкін екенін есте 
ұстаған жөн. Топтың мәдениетін түсіну үшін оның негізгі идея-түсініктері деңгейіне жетіп, 
оларды ғана емес, сонымен қатар олардың қалыптасу процесін немесе топтың оларды қабылдау 
процесін түсіну қажет. Топтың ішкі және сыртқы проблемаларын шешуге негіз болатын 
ұстанымдары мен құндылықтарын басшы айқындайды. Егер басшының ұсынысы сәтті болып, 
өзінің пәрменділігін жоғалтпаса, бір кезде көшбасшының идеясы мен ұстанымы болған нәрсе 
уақыт өте келе ұжымдық идеяға айналады. 
 
Табысты ұйымдық мәдениеттің 6 құрамдас бөлігі 
1. Болашаққа бағдар 
Күшті ұйымдық мәдениет ұйымның болашаққа бағдары мен миссиясын тұжырымдаудан 
басталады. Ұйым мүшелері болашаққа бағдар мен миссияда белгіленген мақсаттарға негіздей 
отырып шешім қабылдайды. 
2. Құндылықтар 
Ұйымның құндылықтары оның мәдениетінің негізі болып табылады. Болашаққа бағдар 
ұйымның мақсатын айқындайтын болса, құндылықтар әрекет ету және ойлау принциптерінің 
жиынтығын, басқаша айтқанда, белгіленген мақсатқа жету бойынша нұсқаулықты ұсынады. 


3. Тәжірибеде қолдану 
Мақсаттарды тұжырымдау жеткіліксіз. Олар тәжірибе жүзінде бекіткеннен кейін тиімді 
болады. Ұйымның құндылықтары тексеруден өткізіліп, алға ілгерілеу саясатымен бекітілуі және 
ұйымның күнделікті өмірінде қолданылуы керек. 
4. Адамдар 
Бірде-бір ұйым өзінің негізгі құндылықтарымен бөлісетін немесе оларды өзгертуге 
тырысудың орнына, осы көзқарастарды қабылдауға деген ықыласы мен қабілеті бар адамдарсыз 
күшті ұйымдық мәдениетті қалыптастыра алмайды. Сондықтан табысты ұйым өз ісінің шебер 
мамандарын тартуға мүдделі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет