әрекетін айқындайтын сөзсіз түсініктерге ұқсас. Негізгі ұғымдар да үйреншікті теориялар
сияқты, бізде қарсылық немесе күмән тудырмайды, сондықтан оларды өзгерту өте қиын.
3-сурет. Э.Шейн бойынша мәдениет деңгейлері
Осыған орай кез келген топтың (ұйымның) мәдениетін көрсетілген үш деңгейде зерттеуге
болады:
артефактілер деңгейі, құндылықтар деңгейі және негізгі идеялар деңгейі. Егер
зерттеуші негізгі түсініктердің үлгісін түсіне алмаса, ол артефактілерді дұрыс түсіндіре де
алмайды, топ қабылдаған құндылықтарға нақты баға да бере алмайды. Басқаша айтқанда, топ
мәдениетінің мән-маңызын оның қызметіне негіз болатын негізгі идеялар деңгейінде ғана
айқындауға болады. Осыларды айқындай отырып, біз мәдениеттің
жоғарырақ деңгейдегі
түсініктерінің мән-маңызын түсініп, оларға тиісті баға бере аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: