8) қызметтік ақпаратты жеке басының пайдасына және өзге де жеке мақсаттарда
пайдалануға жол бермеуге;
9) ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық орта қалыптастыруға
үлес қосу;
10) қызметтік міндеттерін орындау барысында іскерлік киім үлгісін ұстануға
міндетті.
Оқу процесінің қатысушыларымен қарым-қатынаста:
1) жасына, жынысына, ұлтына, дініне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік,
қызметтік және мүліктік жағдайына немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан,
адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау
фактілерінің алдын алуға, әріптестерінің мұндай әрекеттерін болдырмауға күш салуға;
3) өз іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан дәлелді сынға жол бермеу, сынға
төзімділікпен қарау, кемшіліктерді жою және кәсіби қызметін жетілдіру үшін сындарлы
сынды қолданады;
4) білім беру процесіне қатысушыларға кәсіби қолдау көрсету.
Әріптестерімен қарым-қатынаста:
1) жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайы және
дұрыс болу;
2) басқа педагогтің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеу
(анықтамалық материалдар болған жағдайда тексеріледі).
Достарыңызбен бөлісу: