Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет31/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Мектеп мәдениеті 
 
 
Бағыныштылармен өзара қанағаттандыратын
қарым-қатынас құра білу мықты
басшылықтың негізі болып табылады 
Питер Друкер 
 
Кез келген мектепте жазылмаған, бірақ барлығы мойындайтын дәстүрлер, мінез-құлық 
нормалары, ортақ (әрдайым талқылана бермейтін) ұстанымдары болады.
«Ұйым мәдениеті» ұғымы әрекет ету тәсілдері мен мінез-құлық нормалары туралы 
түсініктер жиынтығын қамтиды; бұлар ұжым мүшелерінің басым бөлігі саналы немесе санасыз 
түрде қолдайтын әдет-дәстүрлер жиынтығы, жазбаша және жазылмаған ережелер, тыйымдар,
құндылықтар, күтілетін үміттер, қазіргі уақыт және келешек туралы идеялар және т.б. болуы 
мүмкін.
Ұйым/ мектеп мәдениеті дегеніміз – оның миссиясымен және даму стратегиясымен 
айқындалатын және әртүрлі жағдайларда педагогикалық ұжымның және оның жекелеген 
мүшелерінің іс-әрекетін реттеу үшін қолданылатын қарым-қатынастар, құндылықтар, ережелер, 
нормалар, дәстүрлер, белгілер мен ұстанымдар жүйесі. 
Ішкі мәдениет ұжым мүшелерінің іс-әрекетін, олардың ұйымда туындайтын проблемалар 
мен жанжалды жағдайларды шешу тәсілдерін, сыртқы әсерлерге көзқарасын, өзгермелі 
жағдайларға орай әрекет ету жылдамдығы мен тәсілдерін біршама айқын сипаттайды. 
Басшының өз ұйымының мәдениетін білуі оның белгілі бір жағдайларда әрекет ету
стратегиясын анықтауына мүмкіндік береді. 
Мектептің ішкі мәдениетінің ерекшеліктерін не айқындайды
К.М.Ушаковтың пікірі бойынша, бұлар: 

сыртқы факторлар: ұлттық ерекшеліктер, дәстүрлер, экономикалық жағдай, 
қоршаған ортадағы басым мәдениет
- ішкі факторлар: басшының жеке тұлғасы, ұйымның миссиясы, мақсаты және 
міндеттері, біліктілігі, білімі, педагогтердің жалпы деңгейі. 
Директордың тұлғалық ерекшеліктері, оның көшбасшылық қасиеттері мектеп мәдениетіне 
өте күшті әсер етеді. Бұл Сіздің адамдарды бір нәрсені өзгертуге (немесе ештеңені өзгертпеуге) 
мәжбүрлей алмайтыныңызға байланысты, өйткені Сіз оларға әсер ететін барлық күштерді 
бақылай алмайсыз. Бірақ Сіз оларға өз мысалыңызбен өнеге көрсету арқылы басқара аласыз. 
Басқаша айтқанда, көшбасшы директордың көзқарасы басқалардың өзгеруге деген ұмтылысын 
қолдауда зор мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде, күш-жігерді шоғырландыруға көмектеседі 
және мақсатқа жетуде табысты болу мүмкіндігін арттырады. 
Мектептегі кез келген реформаның немесе инновациялық процестің табысты болуы көп 
жағдайда мектеп мәдениетіне байланысты болады. Осыған орай басшылардың маңызды міндеті 
мектеп мәдениетін енгізілетін өзгерістермен үйлесімді дамыту болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет