Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Басшының инновациялық құзыреттілігі



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Басшының инновациялық құзыреттілігі басшының қазіргі заманғы өзгермелі 
әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мектептің стратегиялық дамуын жоспарлау, мектептің 
білім беру ортасын инновациялық бағытта өзгерту, басқару субъектілерінің кәсіби және жеке 
дамуын қамтамасыз ету дағдыларымен байланысты инновациялық шешімдер қабылдау 
қабілетімен байланысты.
Коммуникативті құзыреттілік – бұл білім беру ұйымы басшысының қызметіндегі негізгі 
құзыреттіліктердің бірі болып табылады, өйткені оның негізгі қызметі басқа адамдармен өзара 
әрекеттестікке байланысты. Педагогикалық мамандықтардағы коммуникативті құзыреттілік «өзі 
және басқалар туралы, қарым-қатынас жасау дағдылары, әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлық 
стратегиясы туралы, тұлғаның мақсаттары мен жағдайларына сәйкес тұлғааралық қатынас 
құруға мүмкіндік беретін психологиялық білімдер жүйесі» ретінде қарастырылады.
Көшбасшының 
психологиялық 
құзыреттілігі 
когнитивтік, 
мінез-құлықтық, 
құндылықты-мазмұндық, мотивациялық және реттеуші аспектілерді қамтиды. 
Ақпараттық және ақпараттық технологиялар құзыреттілігі келесі білім мен дағдылар 
жиынтығы ретінде қарастырылады: «ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті (жинақтау, іздеу, жеткізу, 
талдау); өзінің кәсіби қызметін модельдеу және жобалау; заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологияларға негізделген ұйымдық ортаға бейімделу қабілеті; өзінің 
кәсіби қызметінде еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану». 
Қазіргі мектеп басшысына белгілі бір тұлғалық қасиеттер мен педагогикалық тәжірибе ғана 
емес, менеджмент, экономика, құқықтану саласы бойынша білім, сондай-ақ осы білімді 
қолданысқа енгізу және нақты жағдайларда жедел қолдана білу тәжірибесі мен дағдылары қажет. 
Сонымен қатар заманауи мектеп директоры жобалау мәселелерін, білім берудегі 
инновациялардың мән-маңызы мен оларды нақты өз мектебінде жүзеге асыру жолдарын түсінуі, 
тұлғааралық қарым-қатынас жасау, өкілеттіктерді басқаларға табыстау шеберлігін үйренуі, 
сондай-ақ өз қызметінде қолдана білу қажет басқа да көптеген нәрселерді білуі және қолдану 
алуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет