Бұл кросс-функционалдық дағдылар
белсенді тыңдауды қоса алғанда, ынтымақтастықты,
әлеуметтік және мәдени хабардарлықты, адамдарды басқару дағдыларын,
икемділікті,
эмпатияны және қарым-қатынас қабілеттерін қамтиды (WEF 2016; OECD 2017).
Еңбек нарығында кім сұранысқа ие болады?
Бизнес, халықаралық ұйымдар жаңа дағдыларға сұраныстарды, жалпы тұлғаның қасиет-
сапасына деген сұраныстарды реттеуге тырысуда. Әртүрлі қасиеттерге басымдық берілуде,
дегенмен бірқатар ортақ белгілері айқын байқалады.
Заман талабына сай табысты қызметкерге және азаматқа
қатысты талаптар ЮНЕСКО
(UNESCO 2017) баяндамасында қарастырылған:
-
креативтілік, коммуникация, сын тұрғысынан ойлау,
проблемаларды шешу, қызығушылық,
метатаным;
-
цифрлық сауаттылық, IT-дағдылар, технологияларды қолдану дағдылары;
-
негізгі оқу сауаттылығы, медиа,
ақпараттық, қаржылық, ғылыми, математикалық
сауаттылық;
-
мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары, көшбасшылық дағдылар, жаһандық түсінік;
-
бастамашылдық,
дербестік, табандылық, жауапкершілік, бейімделгіштік;
-
пәндік білім, инженерлік-инновациялық ойлау және жаратылыстану ғылымдарын түсіну.
Достарыңызбен бөлісу: