1) Білім беру нәтижелеріне кең көзқараспен қарау қажеттілігі: жеке және ұжымдық әл- ауқат: «Білім жастарды ересек өмірге дайындап қана қоймай, оларды белсенді, жауапкершілікті
және қоғам өміріне белсенді қатысушы азамат болуға жан-жақты дайындайды». 2) Оқушылардың дербестігі: белгісіздігі көп күрделі әлемнің навигаторы: «2030 жылғы
түлектер өзіндік дербестігін дамытып, үздіксіз оқу қажеттілігін түсінуі тиіс. Бұл өз өмірі үшін
жауапкершілік алуды, басқа адамдарға әсер ету үшін, әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін жағдай
жасауды білдіреді».
Оқушылардың дербестігін дамытудың екі факторы айқындалған:
- Әрбір оқушының қызығушылығын қолдайтын және ынталандыратын, әр түрлі білім беру
тәжірибесіне сүйенетін, өздерінің оқу жобаларын қалыптастыратын және басқа оқушылармен
өзара әрекеттесетін дараландырылған білім беру ортасы. - Базалық оқу және математикалық сауаттылық түрінде орнықты негіз құру.
Цифрландыру дәуірімен байланысты кең таралған технологиялық ортада жұмыс істеу қабілеті психикалық немесе физикалық денсаулық сияқты маңызды факторға айналады.
Сілтеме:(https://fioco.ru/Media/Default/Documents/E2030%20Position%20Paper%2027.05.201
9.pdf)
Экономика жоғары мектебінің «Әмбебап құзыреттіліктер және жаңа сауаттылық: ұраннан іс-әрекетке көшу» жобасы. «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің білім беру институты
университеттердің халықаралық консорциумымен бірлесіп 2017-2019 жылдары «Әмбебап
құзыреттіліктер және жаңа сауаттылық: ұраннан іс-әрекетке көшу» жобасын іске асырды. Ол
«XXI ғасыр дағдыларын» түсіну және мектеп тәжірибесінде білім мен құзыреттілік арасындағы
теңгерімді табуды білдіреді (https://ioe.hse.ru/news/309022855.html).
Зерттеу аясында құзыреттіліктің 180-нен астам жиынтығына (тізімдерге, шеңберлерге)
талдау жүргізілді, нәтижесінде жоба авторлары қазіргі қоғамда табысты болу үшін жастарға
дағдылардың үш блогын (үш әмбебап құзыреттілік) ретінде ұсынылған әмбебап
құзыреттіліктерді игеру маңызды деген қорытындыға келді (2-сурет):
- Таным (ойлау) құзыреттілігі (зияткерлік міндеттерді шешу үшін ойлау дағдыларын
пайдалану).
- Басқа адамдармен қарым-қатынас құзыреттілігі.
- Өз іс-әрекетінің үйлесімділігін қадағалау құзыреттілігі (өзін-өзі басқару).
2-сурет. Әмбебап құзіреттіліктер
Әмбебап құзыреттіліктердің тізбесінде ЭЫДҰ Білім беру компасында ұсынылған
құзыреттер жиынтығының ерекшеліктері мен олардың ортақ белгілерін көруге болады
(1-кесте).