Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,26]
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар: 1. Өсімдіктер мен басқа да табиғи объектілерден органикалық қосылыстардың бөлінуі және
оларды адамзат қоғамының қалыптасуының басында практикалық мақсатта қолдану.
2. Өркениеттің қалыптасуындағы органикалық заттар.
3. Органикалық химияны дербес ғылыми пән түрінде рәсімдеу.
4. Органикалық химияның пәні мен объектілері. Қалыптасқан тенденциялар бойынша органикалық қосылыстардың практикалық қолданылуы.
Дәріс №2. Тақырыбы: Органикалық химияның құрылымдық теориясының қалыптасуы. Мақсаты: студенттерді органикалық химияның теориялық негіздерімен таныстыру.
Дәріс жоспары: Бутлеровтың заттардың химиялық құрылысы туралы ілімі. Химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы органикалық қосылыстардың құрылысын құру идеясының болашағы туралы.
Органикалық химиядағы электрондық өкілдерінің қалыптасуы. Изоэлектрондық құрылыс туралы түсінік. Льюис, Бор, Шредингердің жұмыстары. Метанның, этиленнің, ацетиленнің молекулалық орбитальдары. Орбиталдьдардың әрекеттесуін сипаттауда ОМӘ әдісі туралы жалпы түсінік.
жұптасу, Инголд жұмыстары. Органикалық қосылыстардың реакция механизмі туралы ілім. Органикалық реакция типтері, жылдамдығы мен бағытына әсер ететін факторлар, катализ.
Аралық бөлшектер туралы (радикалдар, карбкатиондар, карбаниондар), аралық және өтпелі күйлер.
XIX ғасырдьщ бірінші жартысьшда органикалық химиядан үлкен тәжірибелік материалдар жинақгалды. Сол кезде осы нақгы материалдарға түсінік беріп, олармен жұмыс істеуде өрі қарай жол сілтейтін органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясьш орыстың үлы ғалымы А.М.Бутлеров 1861 жылы жасады. Бүл теория қазіргі органикалық химияның бастамасы болып саналады. Әрине, басқа да үлкен ғылыми теориялар секілді бұл теория ғылымға бірден өзінен-өзі келе қоймады. Оньщ келуіне себепші болған жөне жағдай туғызған - сол теорияға дейінгі белгілі болған кішігірім теориялар мен фактілер еді.
1861 жылдың қыркүйегінде Шпейер қаласында (Германия) болған жаратылыс зерттеушілер конференциясьщда А.М.Бут- леров “Заттардың химиялық қүрылысы туралы” баяндама жасады. Міне, осы баяндамада ол қүрылыс теориясының негізгі идеяларын ұсынды. Бұл теорияньщ мәні мынандай негізгі қағидалардан түрады:
Молекуладағы барлық атомдар өздерінің валенттіліктеріне сәйкес ретпен (төртіппен) байланысады. Молекуладағы атомдардың қосылысу тәртібін жөне олардың арасындағы байланыстың сипатын АМ.Бутлеров химиялык күрылыс деп атады.
Заттардың қасиеттері олардың сапалық жөне сандық қүрамдарына ғана емес, сонымен бірге молекуладағы атомдардьщ бір-бірімен байланысу ретіне және олардың арасындағы байланыстың сипатына да тәуелді болады. Құрылыс теориясының бүл қағидасы органикалық химияда кең тараған изомерия қүбылысына түсінік береді.
Берілген зазтьң қасиеттерін зерттей отырьш, ол заттың молекуласының қүрылысын анықгауға болады және қүрылысы мен қасиеттерін белгілі дөрежеде көрсететіндей бір формуламен өрнектеуге болады. Молекулаға кіретін атомдар мен атомдар топтары өзара бір-біріне өсер етеді, оның ішінде тікелей байланысқдн атомдардың (атомдар тобының) өзара өсері күштірек болады.