Зертханалық сабақ №12. Тақырып:Ароматты сульфо- және нитротуындылар. Фенолдар мен нафтолдар. Мақсаты: ароматты сульфо- және нитротуындылардың, фенолдардың және нафтолдардың алу әдістерін және химиялық қасиеттерін зерттеу.
Ұсынылатын әдебиеттер:[11,17,35,40,41].
Мазмұны: №18 зертханалық жұмысты орындау [17].
№19 зертханалық жұмысты орындау [17].
Жұмыс алдында берілген сұрақтарга жауап беру.
Жұмыстан кейін берілген есептермен, жаттығуларды орындап келу.
Әдісі: эксперименттік, әңгімелесу, тәжірибе нәтижесін дәптерге тіркеу.
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар тапсырмалар: № 18, № 19 зертханалық жұмыс алдында сұрақтарға жауап беру.
Жаттығуларды орындаңыз: Қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыз: а) n–хлорбензолсульфоқышқылдары; б) 3-этилбензолсульфон қышқылы; в) n-толуэнсульфохлорид; г) n -толуэнсульфамид; д) м-сульфобензой қышқылы.
Мына қосылыстарды сульфондау нәтижесінде қандай сульфон қышқылдары алынады (бағдар): а) хлорбензол; б) сульфобензол; в) бензой қышқылы; г) этилбензол; д) толуол; д) нитробензол.
Аталған сульфалану реакцияларының қайсысы бензолдың сульфалануына қарағанда оңайырақ.
Мына қосылыстарды нитрлеуді жүргізіңіз: а) хлорбензол; б) этилбензол; в) кумол г) нитробензол; д) бензой қышқылы; д) фенол; ж) о-нитроэтилбензол. Олардың қайсысы бензолға қарағанда нитраттарды жеңілдетеді? Неліктен?
Құрылымдық формулаларды жаз: а) n -нитрофенол; б) м-бромофенол; в) о-крезол; г) n -метокситолуол; д) 2-бромофенол; д) этилфенилкарбинол; ж) -фенилэтил спирті; з) пикрин қышқылы.
Фенол мен бензил спиртінің қоспасын қандай әдіспен бөлуге болады?