Тақырып:Бензолқатарындағы альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдары. ароматты аминдер. Азо және диазоқосылыстар. Мақсаты: ароматты альдегидтердің, кетондардың және карбон қышқылдарының, ароматты аминдердің, азо және диазоқосылыстардың алу әдістерін және химиялық қасиеттерін зерттеу.
Ұсынылатын әдебиеттер:[11,17,35,40,41].
Мазмұны: № 20 зертханалық жұмысты орындау [17].
№ 21 зертханалық жұмысты орындау [17].
Жұмыс алдында берілген сұрақтарга жауап беру.
Жұмыстан кейін берілген есептермен, жаттығуларды орындап келу.
Әдісі: эксперименттік, әңгімелесу, тәжірибе нәтижесін дәптерге тіркеу.
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар тапсырмалар: Зертхана алдындағы сұрақтарға жауап беріңіз.
Жаттығуларды орындаңыз: Құрылымдық формулаларды жазыңыз: а) o- және n -толуил альдегидтері; б) n -нитробензальдегид; в) о-метоксибензальдегид; д) фенил n -толил кетон; д) 4,4'-дибромобензофенон; ж) n – диметиламинобензальдегид; з) фенилацетальдегид.
2. Ароматты қатардағы барлық изомерлі карбонилді қосылыстардың C8H8Oқұрылымдық формулаларын жазыңыз. Оларды атаңыз.
3. n -толуилальдегидтің келесі заттармен әрекеттесу схемасын жазыңыз: а) циан қышқылы; б) натрий гидросульфиті (бисульфит); в) анилин; г) фосфор пентахлориді; д) диметиланилин; ж) ацетон; з) калий цианидінің спирттік ерітіндісі.
4. Мына заттардың әрекеттесуі кезінде алюминий хлоридінің қатысында қандай қосылыстар түзіледі: а) этилбензол ацетиленхлоридпен; б) пропионилхлоридпен толуол; в) сірке ангидриді бар толуол?
5. Құрылымдық формулаларын жаз: а) n нитробензой қышқылы; б) м-толуин қышқылы; в) терефтал қышқылы; г) фенилсірке қышқылы; д) n-бромобензоилхлорид; д) фтал ангидриді.
6. n -нитроанизолдан n -метоксибензой қышқылын алыңыз. Оның реакция теңдеулерін жазыңыз: а) натрий гидроксидімен; б) фосфор пентахлоридімен; в) тионилхлоридпен.
7. О -ксилолдан диметилфталат (репеллент) алыңыз.