Білім беру бағдарламасы Құрастырушы: Айтуганова Сауле Гараповна, педагогика ғылымдарының 3


Дәріс №23. Тақырыбы: Галогенарилдер



бет45/88
Дата19.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#108402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88
Байланысты:
Силлабус органика. казакша (1)

Дәріс №23.
Тақырыбы: Галогенарилдер.
Дәріс мақсаты: ароматты галогентуындыларының жіктелуің, құрылымын, алу тәсілдерін, қасиеттерін, изомериясын зерттеу.
Дәріс жоспары:

  1. Жіктелуі, изомериясы, номенклатурасы. Арилгалогенидтердің құрылымы, дипольдік моменттері. Хлорбензолдың электрондық құрылымы, галогеннің бағдарлау әрекеті.

  2. Алу жолдары. Ядродағы галогендеу, реакция механизмі SE2. Толуолды өзекке (S E2) және бүйірлік тізбекке (S R) хлорлау шарттары.

  3. Ядродағы моно- және дигалогенділердің физикалық қасиеттері.

  4. Химиялық қасиеттері. Галоген атомының нуклеофильді орынбасуы. Белсендірілген және активтенбеген галоген атомы бар қосылыстардағы S N 2 және S N 1 механизмдері, статикалық және динамикалық тәсіл. Механизмдер S N (E - A) - кинеорынбасу, S N 2 Ar. Хлорбензол ядросындағы S E 2 реакциялары (хлорлау, нитрлеу).

  5. Бүйірлік тізбектегі галоген атомының қасиеттері: S N және S R механизмдері бойынша орын басу реакциялары.

  6. Жеке өкілдер, қолданылуы.

Ароматтық галогентуындылар 2 топқа бөлінеді:
1) ядрода галогені бар қосылыстар,
2) галогені бүйір тізбекпен байланысқан қосылыстар.
С6Н4Сl2 көмірсутегіне 3 изомер, ал С6Н4(СН3)Сl – 4 изомер сəйкес келеді: 3 изомерде Cl атомы ядромен тікелей байланысса, төртіншісінде галоген атомы тізбектің бүйірінде болады.



Физикалық қасиеттері. Бензолдың галогентуындылары – тығыздығы 1- ден жоғары, суда ерімейтін, “ароматтық иісі”бар сұйықтар немесе қатты заттар. Балқу температурасы молекуланың симметриясымен анықталады. Мейлінше симметриялы молекулалар кристалдық торға жеңіл «нығыздалады» да жоғары- лау температурада балқиды. Осының əсерінен п-хлортолуол, мысалы, о- жəне м-изомерлерімен салыстырғанда мейлінше жоғары температурада балқиды.


Химиялық қасиеттері. 1. Активтендірілген жəне активсіздендірілген галогенарендердегі галогенді нуклеофильдік орын басу. 2. Ядродағы сутегі атомдарының орнын басу. 3.Металдармен əрекеттесуі. 4.Бүйір тізбектегі көміртек атомындағы галоген дағдылы электрофильдік орын басу реакцияларына жеңіл түседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет