Білім алушы псих-пед. ЖТД бар балаларды диагностикалау; қазіргі заманғы техникаларды, диагностиканы және балалардың психикасына әсер ету әдістерін қолдануы туралы біледі және түсінеді.
2
Білім алушы дамуындағы ауытқуы бар балаларды тексеру үшін адекватты әдістемелерді таңдау, баланың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастыру барысында қолдана білуі қажет.
Білім алушы дамуындағы ауытқуы бар балаларды тексеру үшін адекватты әдістемелерді таңдау, баланың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құрастыру барысында қолдана біледі.
3
Білім алушы алынған білімдерін дефектологияның медициналық-биологиялық негіздерін оқу барысында және дефектологтың кәсіби іс-әрекетінде қолданудың дағдыларын меңгеруі тиіс.
Білім алушы алынған білімдерін дефектологияның медициналық-биологиялық негіздерін оқу барысында және дефектологтың кәсіби іс-әрекетінде қолданудың дағдыларын меңгереді.
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Оқыту процесінде аталмыш пән бойынша оқытушы келесі оқыту әдістерін қолданады:
- ақпаратты беру көзі бойынша: сөздік әдіс (дәріс, пікірталас, оқу ақпарат көзімен жұмыс), көрнекілік әдіс (суреттермен және схемалармен жұмыс, бейнероликтерді қарау, мультимедиялық презентациялар), практикалық әдіс (тапсырмаларды орындау, есептерді шешу);
- білім алушылардың танымдық қызметінің сипаты бойынша: ақпараттық-рецептивтік әдіс (оқытушы білім алушыларға ақпаратты берген кезде); репродуктивті (білім алушы берілген үлгі бойынша іс-әрекеттерді орындайды); проблемалық баяндау әдісі (оқытушы проблеманы тұжырымдайды және оны шешу үшін логикалық қадамдарды көрсетеді); эвристикалық (оқытушы проблеманы жеке міндеттерге бөледі, ал білім алушылар оларды шешеді); зерттеу әдісі (білім алушылар қойылған мәселелерді шешу жолдарын іздейді); жобалау әдісі (білім алушылар нақты жобаны әзірлейді.