КАРТОЧКА
Классикалық ықтималдылыққа есеп шығару
1. Көлік бағдаршамнан екі рет өтеді. Келесі оқиғалардың ықтималдығы қандай:
а) кем дегенде бір рет жасыл жанады
б) екі ретте де жасыл жанады
2. Жәшікте 5 көк, 7 қызыл шар бар. Жәшіктен 1 шарды алады. Шыққан шардың
А) көк шар
Б) қызыл шар
С) ақ шар
Д) көк немесе қызыл шар
Е) көк немесе ақ шар
Ж) көк және қызыл шар
болу ықтималдығы қандай?
3. Келесі сұрақтар үшін суретті пайдаланыңыз:
1) Айналу тілінің 95° ауданында тоқтау ықтималдығын табыңыз.
2) Айналу тілінің 110° ауданында тоқтау ықтималдығын табыңыз.
3) Айналу тілінің боялған ауданда тоқтау ықтималдығын табыңыз.
4) Айналу тілінің боялмаған ауданда тоқтау ықтималдығын табыңыз.
Математикалық статистика элементтері. Вариациялық қатар.
Статистикалық кесте, жиілік алқабы және гистограммамен берілген ақпаратты талдау
Оқу мақсаты:
7.3.3.1 басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру;
7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу;
7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету;
7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау;
8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру;
8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру;
8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;
8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау
|
4.1-тапсырма. Жасөспірімдердің 1 айда оқыған кітаптарының саны бойынша зерттеу жүргізу үшін 7-сыныптың 50 оқушысынан сауалнама алды. Басты жиынтық пен таңдаманы анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |