Оқу мақсаты: 9.3.2.3 ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және оны есептерді шешу үшін қолдану.
9.3.2.5 есептерді шешуде геометриялық ықтималдылықты қолдану
3.1-тапсырма.Зауытқа 1000 мойынтірек партиясын әкелді. Олардың ішінде 30 мойынтірек стандартқа сәйкес емес болып шықты. Кездейсоқ алынған мойынтіректің стандартқа сәйкес болу ықтималдығын Р(А) анықтаңыз.
3.2-тапсырма. Симметриялы тиын төрт рет лақтырылады. Герб жағының ешбір түспеу ықтималдығын табыңыз
3.3-тапсырма. Суға секіру чемпионатына 20 спортшы қатысады, олардың ішінде Франциядан 6, Боливиядан 2 секіруші бар. Секіру тәртібі жеребемен анықталады. Франция спортшысының сегізінші болып секіру ықтималдығын табыңыз.
3.4-тапсырма.[0;1] кесіндісінен кездейсоқ х саны таңдалды.
а) х>0,7;
б) х≤0,3 немесе х≥0,5 болу ықтималдығын табыңыз
3.5-тапсырма.Қабырғасы а-ға тең квадрат ішінен кездейсоқ алынған нүктенің оған іштей сызылған дөңгелекке тиісті болу ықтамалдығы қандай?