Center
of Excellence
«Робот техникасы» элективті куРсы бойынша
педагогика кадРлаРының біліктілігін аРттыРу
куРсының білім беРу бағдаРламасы
тРенеРге
аРналған нҰсҚаулыҚ
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нысанды қоса алғанда, авторлық
құқық берушінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға
тыйым салынады.
маЗмҰны
КІРІСПЕ..............................................................................................................................................4
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ ТРЕНЕРЛЕРІНЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР
МЕН ТӘСІЛДЕР..................................................................................................................................5
ОҚУ ЖОСПАРЫ................................................................................................................................10
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ .................................................................................................................12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ.................................................................45
| 4 |
кіРіспе
«Тренерге арналған нұсқаулық» – «Робот техникасы» элективті курсы бойынша педагогика
кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында өткізілетін
біліктілікті арттыру курсы барысында және курстан кейін қолдануға арналған әдістемелік
құрал. Бағдарлама материалдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру
ұйымдарында қолдануға арналған «Робот техникасы» элективті курсының оқу бағдарламасына
негізделген. Біліктілікті арттыру курсының жалпы мақсаты мұғалімдердің бойында робот
құрастыру және бағдарламалау, робот техникасы саласындағы оқу-әдістемелік материалдарды
әзірлеу және қолдану, білім беру үдерісінде интербелсенді кешендерді, геоақпараттық
жүйелерді, сандық зертханаларды, виртуалды конструкторларды пайдалану үшін қажетті
дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін «Робот техникасы» элективті курсымен таныстыру
болып табылады.
«Тренерге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралы «Робот техникасы» элективті курсы
бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы барысында тренерге қолдау
көрсетуге арналған материалдардан тұрады. Нұсқаулықтағы материалдар тренерлерге
біліктілікті арттыру курсына дайындығын жоспарлауда және жүргізуде септігін тигізеді.
Тренерлер мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын жүргізу үшін бірқатар құжаттармен
танысып шығуы керек. Олар:
• Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы;
• Мұғалімге арналған нұсқаулық;
• Таныстырылымдар мен үлестірме материалдар;
• Тренерге арналған нұсқаулық (осы құжат; робот техникасы курсын жүргізетін
мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсын өткізетін тренерлерге арналған кеңестер,
сондай-ақ осы курстың оқу жоспары мен сабақ жоспарлары ұсынылған).
«Робот техникасы» элективті курсын жүргізетін мұғалімдердің біліктілігін арттыру
курсының ұзақтығы 10 күн, әр күн ұзақтығы 2 академиялық сағаттық төрт сабақтан тұрады.
Тренер әр күннің сабақтарын талдап, оларға шолу жасауға, сондай-ақ мұғалімдердің
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін келесі сабақтарды түрлендіріп, бейімдеуге уақыт арнауы
тиіс. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсында өткізілетін сабақтардың тақырыптары «Оқу
жоспары» атты тарауда берілген. Әрбір сабақтың толық жоспары «Сабақ жоспарлары» атты
тарауда ұсынылған.
біліктілікті арттыру курсы аясындағы бағамдауды түсіну
Біліктілікті арттыру курсы барысында мұғалімдер күн сайын «Робот техникасы» элективті
курсы сабақтарының жоспарларын әзірлейді. Бірінші аптаның соңында тыңдаушылар тренерге
бастапқы үш модульді оқытуға арналған сабақ жоспарларын, ал екі аптадан соң біліктілікті
арттыру курсының соңында қалған үш модульдің сабақ жоспарларын өткізеді. Бұл жоспарлар
автордың аты-жөнін көрсете отырып, электронды нұсқада тапсырылады. Аталған жоспарлар
олардың портфолиоларының құрамына енетін негізгі материал болып табылады.
| 5 |
Center
of Excellence
біліктілікті аРттыРу куРсының тРенеРлеРіне
Ұсынылатын ӘдістеР мен тӘсілдеР
ересектер білім алушылар ретінде
Оқушыларға сабақ беру барысында қолданылатын педагогикалық тәсілдер балалар
туралы болжамдарға негізделеді, олар ересектерді оқытуда қолдануға келе бермейді.
Ересектер мен балаларды оқытудың арасында бірқатар айырмашылықтар бар екенін ескеру
тренерге мұғалімдерді тиімді оқытуды жоспарлауда және іске асыруда көмегі тиюі мүмкін. Бұл
болжамдар төмендегі кестеде ұсынылған:
Ересектер білім
алушылар ретінде
(Knowles, 2011)
«Робот техникасы» курсы бойынша мұғалімдердің
біліктілігін арттыру курсында қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Білу қажеттілігі
Ересектерде оқу
үшін себеп бар
екеніне сенімді
болуы керек
Біліктілікті арттыру курсы оның құрылымын
талқылаудан басталады (Не? Неліктен? Қалай?
сұрақтарына жауап алу).
Жекелеген сабақтарда сабақтың мақсаттары мен бұның
қандай маңызы бар екендігі таныстырылады. Тренер
мүмкін болса, әр күннің (әр сабақтың) мұғалімге
сыныпта орындаған жаттығудың ішіне үңілуге және
бұның өз тәжірибесінен несімен ерекшеленетінін
түсінуге көмектесетінін түсіндіреді.
Білім алушының
«Мен-
тұжырымдамасы»
Ересектер өз
шешімдері үшін
және «алған»
білімдері үшін
өздері жауап
береді
Курс барысында нені жоспарлау және пікірталас/
тәжірибелік жұмыс бағытын таңдауда мұғалімдерге
еркіндік беріледі.
Тренерлер қолданылатын тәсілдерді мұғалімдермен
талқылау және келісу мүмкіндіктерін анықтайды (м,
тапсырма уақытының ұзақтығы, топ құру т.б.).
Курс барысында мұғалімдерге өздері жұмыс істейтін
топты таңдауға мүмкіндік беріледі. Мысалы,
мұғалімдер тақырыптарды таңдай алады:
•
ынталы түрде ресурстар мен материалдарды
жинастыра алады;
•
өзгертуге және бейімдеуге дайындалады;
•
ықшамсабақ
жаттығуларының
тақырыбын
таңдай алады.
Біліктілікті арттыру курсының барысында мұғалімдер
өздерінің оқуы үшін жауапкершілік алып, тренер
ретінде сізден мейлінше тәуелсіз бола бастауы
керек; бұл курстың оқу жоспарында жазылған және
де мұғалімдер үнемі пікірталасқа атсалысып, кері
байланыс ұсынуда белсенділік танытуға шақырылады.
| 6 |
Ересектер білім
алушылар ретінде
(Knowles, 2011)
«Робот техникасы» курсы бойынша мұғалімдердің
біліктілігін арттыру курсында қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Тәжірибе рөлі
Балаларға қа-
рағанда, ересек-
тердің тәжіри-
бесі мол. Бұл
– олардың өздерін
қалай қабылдай-
тындығына әсер
етеді. Балалар
топтарымен салы-
стырғанда, ере-
сектер топтары-
ның тәжірибелері
әрқилы болып
келеді
Курс барысында дамытуды қажет ететін салалар
анықталады. Мұғалімдер өздерінің ерекшеліктерін,
атап айтқанда, сыныпта мұғалім ретінде жасайтын
әрекеттерін зерделеуге шақырылады.
Курс барысында мұғалімдерді өздерінің тәжірибесіне
сүйенуге және тәжірибе алмасуға ынталандыру
қажет. Кейбір мұғалімдер әртүрлі педагогикалық әдіс-
тәсілдер туралы хабары мол, түсінігі кең және өзі
оқытатын пәнді де жоғары дәрежеде меңгерген болып
келеді. Мұндай мұғалімдердің тәжірибесін мойындай
отырып, мүмкіндігінше олармен кеңесіп отыру керек.
Оқуға дайын болу
Ересектер алған
білімдерін
жуық уақытта
(бірден) қолдана
алатындығын
білген жағдайда
оқуға дайын
болады
Біліктілікті арттыру курсы білімін тәжірибеде қолдану
негізінде құрылған және мұғалімдер өз сыныптарында
жоспарлап, өткізетін оқу шараларымен тығыз
байланысты.
Оқуға бағдарлау
Ересектер алған
білімдерін
тапсырманы
орындау
үшін немесе
күнделікті өмірде
проблемаларды
шешу үшін
қалай қолдануға
болатындығы
тұрғысынан
жіктейді
Сабақтар мұғалімдерді робот техникасы курсының
сабағын жүргізуге даярлауды көздейді. Ол мұғалімдерге
сабақты қалай жоспарлап, қалай өткізу және бағалау
керектігін, яғни тікелей сыныптағы жағдайларды
түсінуге көмектеседі. Оларға көптеген мүмкіндік
ұсынылып, робот техникасы сабағын табысты өткізуді
модельдеуде және көрсетуде өз күшіне деген сенімін
арттыруға септігін тигізеді.
Уәж
Сыртқы уәжге
(мысалы, қызмет
бойынша өсіру)
қарағанда, ішкі
уәж (мысалы,
өсіп дамуға деген
құштарлық,
жұмысқа
қанағаттану
деңгейінің және
өзіне-өзі беретін
бағаның өсуі)
анағұрлым
маңызды
Ересектер өз қалауы бойынша уәжі болғанда ғана
өздерінің білімін жетілдіруді басқара алады. Курс
материалдарында мұғалімдердің белгілі бір тақырыпты
толығырақ зерттеуі үшін қолдануға болатын, қосымша
оқуға арналған тиісті материалдар ұсынылған.
Сонымен қатар, адамды саналы түрде қолпаштап,
оның өзіне деген сенімін арттыруға үлес қосса, оның
уәжі артады. Курс аясында кәсіби тұрғыдан даму
мақсатында бұл тренерлер үшін аса маңызды.
| 7 |
Center
of Excellence
тренерге кеңес
Біліктілікті арттыру курсы барысында сіз үшін маңызды болып табылатын негізгі
мақсатты ұмытпаңыз, яғни, мұғалімдерге көмектесіңіз:
•
барынша сенімді, жауапты, парасатты, шығармашыл және белсенді болыңыз;
•
тәжірибелік дағдыларыңызды ұдайы дамыта отырып, өзіңіз де білім алуға ынталы
болыңыз;
•
өз идеяларыңызбен бөлісіңіз, сабақ барысында да және сабақ аяқталғаннан кейін де
әріптестік қарым-қатынаста қалу.
мұғалімдермен байланыс орнату
Тренер курс барысында мұғалімдердің қажеттіліктеріне орай көмек бере алу үшін
мұғалімдермен байланыс орнатуы қажет. Өзара түсіністік орнату, өзіңіздің оқу мақсатына қол
жеткізудегі және мұғалімдердің күткен үміті мен сенімін ақтай алудағы тренердің өзіне сенімді
болуы – тренер үшін де, мұғалімдер үшін де оқудың жағымды, өнімді және нәтижелі ахуалын
қалыптастыруға жағдай жасайтын болады.
Келесі ұсыныстар тренердің тиімді байланыс орнатуына көмектеседі:
• мұғалімдерден өз аты-жөндері жазылған есімхат дайындатып, әрқайсысының тұсына
қойғызу;
• әр тыңдаушының есімін атап сөйлесу;
• оқудың басында тренер мұғалімдердің қандай нәтиже күтетінін және олардың қойған
мақсаттары қандай екенін анықтап алуы керек. Курс аяқталғанда олардың неге қол
жеткізгілері келетінін анықтап, деректерді флипчартқа енгізеді. Мысалы, есімдерін,
мектептің нөмірін және олардың қол жеткізгісі келетін үш мақсатын қағазға жазып
алуға болады. Мұғалімдер өздерімен мүдделері/мақсаттары ұқсас әріптестерін
таба алуы үшін осы ақпаратты сұрыптап, экранға шығаруға болады. Осы тізімді
нәтижелерді салыстыру үшін қолдануға болады: мұғалімдер курстан не күтеді және
тренер мұғалімдерден не күтеді;
• оқудың аяғында тренер оқу мақсаттарына қайта оралып, қойылған мақсатқа қол
жеткізілгендігіне көз жеткізеді.
• мұғалімдермен алған әсерлерімен бөліседі.
• тренер мұғалімдердің іс-тәжірибесін қолдануға тырысуы керек – оларды тыңдап,
сабаққа белсенді қатыстырады;
• курс барысындағы міндеті біреуді «оқыту» емес, оқуға қолдау көрсетіп, жандандыру
екеніне баса назар аударуы тиіс.
тренерге кеңес
Сізге білімі, тәжірибесі және осы біліктілікті арттыру курсына қатысу уәждері әртүрлі
мұғалімдер келеді. Мұғалімдерді жақынырақ танып білуіңіз оқыту барысында олардың
қажеттіліктеріне ең жоғары деңгейде сәйкес келетіндей етіп, курстың өткізілу барысын түзетіп
отыруыңызға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Сіз мұғалімдердің бір-бірінен үйренулері
үшін оларды қалай топтастырып отырғызуды да жоспарлауыңыз керек.
мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтау
Оқытудың түрлі кезеңдерінде мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтауға арналған бірнеше
тәсілдер бар. Тренер осы түрлі тәсілдерді оқу барысында қолдануға тырысуы керек (сабақтың
басында болсын немесе соңында болсын міндетті емес). Мұғалімдердің қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін оқуды түрлендіруде алынған ақпаратты пайдалануы тиіс.
• Тренер мұғалімдердің курстан немесе сабақтан не күтетіндігін сұрайды және олардың
| 8 |
қажеттіліктерін флипчартқа жазып қояды.
• Мұғалімдер өздерінің жеке мақсаттарының тізімін қағазға жазады (немесе ескертпелер
ретінде). Қандай мақсат-міндеттерге қол жеткізілгені, қайсыларын әлі де қарастыру
керектігін анықтау үшін бұл тізімді үнемі тексеріп, қадағалап отырады (мысалы, әр
күннің соңында). Тренер оқудағы кемшіліктерді толтыруға көңіл аударуы тиіс.
• Мұғалімдер өздерінің мақсаттары мен жеке міндеттерін/ мүдделерін шағын қағаздарға
жазады, мұғалімдер өздерінің мақсат/ мүдделері ұқсас мұғалімді табу үшін қағаздарды
іріктеп, ұқсастарын топтастырады.
• Тренер үнемі кері байланыс ұсынып отыруы тиіс (оның түрлі әдістері бар екендігін
де ұмытпауы керек). Егер тренер жаңа бір әдісті қолданған болса немесе сабақтың
немесе белгілі бір тапсырманың мұғалімдер үшін ерекше қызықты болғанын қаласа, –
онда тыңдаушылардың ол туралы пікірлерін, сұрақтарын және т.б. үзілісте немесе күн
соңында қағазға жазып берулерін сұрайды. Бұл сұрақтарға жауап беруге және сабақтың
жүргізілу барысын қажет бағытқа өзгертуге мүмкіндік береді.
• Оқу бөлмесінде «сұрақтар қабырғасын» орнатқан тиімді, онда мұғалімдер кез келген
уақытта өз сұрағын жазып, іле алады. Сабақ соңында тренер бұрын қарастырылмаған
сұрақтарға жауап береді. Осылайша, тренер түрлі тақырыптарды талқылап сабақтағы
жұмыс қарқынын баяулатпастан жүргізе алады, сондай-ақ өзіне сенімсіз мұғалімдердің
сұрақ қоюына мүмкіндік береді.
сабақты жүргізудің өзіндік стилін қалыптастыру
Әр тренердің сабақ жүргізуге қатысты өзінің жеке көзқарасы бар, бірақ келесі тармақтар
бәріне ортақ болуы тиіс:
• сабақта тыңдаушымен сөйлескенде оған тура қарап сөйлесу;
• сабақ кезінде мұғалімдермен тікелей көздеріне қарап, байланыс орнату;
• мұғалімдерге жылы шыраймен қарым-қатынас жасау және тілектес болу;
• сөйлеу мәнеріне назар аудару және ересектермен сөйлесіп отырғанын ұмытпай,
ғибратты сарында сөйлеуден аулақ болуы тиіс;
• тренер өз сөзінің анық шығып жатқандығына көз жеткізіп, интонация, сөйлеу қарқынын
және сөйлеу мәнерін өзгертіп отыру керек, себебі мәдениетті сөйлеу шеберлігі сабақ
жүргізудің қызықты стилін қалыптастыруда өте маңызды болмақ.
сабақты өткізу
Төменде тренерге пайдалы болуы мүмкін кейбір кеңестер мен ұсыныстар берілген:
• мұғалімдердің біліктілікті арттыру курсынан нені күтетіндігі анық болуы үшін әр
сабақтың құрылымын сабақ басталғаннан бастап олардың түсінгендігіне көз жеткізу
керек;
• мүмкіндігінше сабақ бойында мұғалімдердің рефлексиясына уақыт жоспарлау керек;
• әр сабақтың соңында қорытынды жасауға жеткілікті уақыт қалдыру керек және қойылған
мақсаттарға қол жеткізілгендігін талқылау. Оқытудағы кемшіліктерді толтыруға көңіл
аудару керек;
• мүмкіндігінше бүкіл топтың талқылауына арналған сабақты қызықты шараға
айналдыруға болады. Тренер оны «Тренер-мұғалімдер» тобымен дебат жүргізу
нысанында өткізуіне болады. Ол делдал рөлінде болып, тыңдаушылардан «Тренер-
мұғалімдерге» сұрақ қоюын сұрайды;
• терминдер жинақталған глоссарийді бүкіл сабақ барысында үнемі толықтырылып
отыратын флипчартта жасауға болады, ол мұғалімдердің түсініксіз жаңа ұғымдармен
танысып отыруына мүмкіндік береді;
| 9 |
Center
of Excellence
• сіздің айтқаныңызды мұғалімдердің түсінгендігіне көз жеткізіңіз – ақпаратты өз сөзімен
айтып қайталауын сұрау;
• тренер белгілі бір ойды әртүрлі жолдармен қалай жеткізуге болатынын ойластыруы
керек; Сізге өз ойыңызды басқа сөзбен немесе мұғалімдердің түсінуіне оңай болатындай
қарапайым сөзбен жеткізу қажет болуы мүмкін;
тренердің рөлі
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының барысында тренерден жоғары кәсіби
деңгейдегі мінез-құлық пен өзін-өзі ұстау мәнері талап етіледі. Тренер үнемі:
• стандарттардың және оқу курсының біртұтастығын сақтауы керек;
• барлық әріптестері мен мұғалімдерге сыйластықпен қарауы керек;
• сабақ кестесін қадағалауы керек;
• білім берудің жоғары стандарттарына сәйкес сабақ өткізуі керек;
• курста оқыту барысында мұғалімдерге қысқа мерзім ішінде кері байланыс орнатуы
керек.
Алдағы уақытта мұғалімдердің туындаған сұрақтарына жауап беріп, қиындықтарының
алдын алу мақсатында сізге олардың топтық пікірталас кезінде және кері байланыс ұсыну
кезінде айтқан табан астында пайда болған ойлары мен идеяларын жазып отыруға болады.
| 10 |
оҚу ЖоспаРы
күн
күн тақырыбы
сабақтың тақырыбы
сағат
саны
1
Курсқа кіріспе.
Курс жабдығымен
танысу
1. «Робот техникасы» элективті курсына кіріспе: қолданыс
салалары, түрлері. Робот техникасының тарихы мен келешегі
2
2. Курс жабдығымен танысу:
LEGO
MINDSTORMS EV3
Education топтамасы. EV3 жинағы
2
3. EV3 модулін зерделеу
2
4. Білім беру роботын құрастыру
2
2
Мотор және
датчиктермен
танысу. EV3
негіздері
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. Мотор және датчиктермен танысу. Датчиктер мен моторларды
қосу. EV3 модулінің интерфэйсін зерделеу. EV3 бағдарламалық
жасақтамасы
2
3. ЛЕГО Digital Designer-де білім беру роботын модельдеу
4
3
Мотордың
көмегімен қозғалу
(1)
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. EV3 арналған бірінші бағдарламаны жасау. Үлкен моторлардың
қозғалысы: Рульдік басқару блогы
2
3. «Билейтін робот» жобасының тапсырмалары бойынша
командалық жұмыс орындау. Роботтың қолының қозғалысын
зерделеу: Ортаңғы мотор блогы. Үлкен мотор блогы
4
4
Мотордың
көмегімен қозғалу
(2)
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. «Қоқыс жинайтын робот» жобасының тапсырмалары бойынша
командалық жұмыс орындау
2
3. «Күшік» роботын құрастыру
2
4. «Робоқол» роботын құрастыру
2
5
Бұрылу
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. Бір орында тұрып бұрылу: Моторларды тәуелсіз басқару блогы
2
3. «Көлік тұрағы» жобасының тапсырмалары бойынша
командалық жұмыс орындау
4
6
Датчиктер (1)
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. Жанасу датчигі. Батырмаға басуды анықтау. «Жүк
тасымалдаушы робот» жобасының тапсырмалары бойынша
командалық жұмыс орындау
2
3. «Баспалдақта жүргіш» роботын құрастыру
2
4. Ультрадыбыстық датчик. Кедергілерді анықтау және оларды
еңсеру. «Сигналдар» жобасының тапсырмалары бойынша
командалық жұмыс орындау
2
7
Датчиктер (2)
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. Гигроскопиялық датчик. Еңкею бұрышын анықтау.
«Маневр»
жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс
2
3. Түс датчигі. Түсті анықтау. «Бағдаршам» жобасының
тапсырмалары бойынша командалық жұмыс орындау
2
3. «Түссұрыптауыш» роботын құрастыру
2
| 11 |
Center
of Excellence
күн
күн тақырыбы
сабақтың тақырыбы
сағат
саны
8
Оператор блоктар
және деректер
блоктары (1)
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. Цикл блогы. Есептеуішті пайдалану. Датчиктен алынған
деректер. «Тасымалдау» жобасы
2
3. Экран блогы. Мәтін блогы
2
4. «Піл», «ТанкоБот», «Знап», «Робозауыт» роботтарының
модельдерімен танысу
2
9
Оператор блоктар
және деректер
блоктары (2)
1. «Робот техникасы» элективті курсы бойынша жоспарларды
өзара бағамдау және жетілдіру
2
2. Математика блогы. Кездейсоқ сандар блогы
2
3. Ауыстыру блогы. «Жаяу жүргінші робот» жобасы
4
10 Сыныптағы сайыс 1. Сыныпта жарыс туралы хабарлау. Идеялар таныстырылымы
2
2. Өз роботтарын жасау
2
3. Роботтарды бағдарламалау және тестілеу
2
4. Роботтарды таныстыру және роботтар сайысы. Жеңімпаздарды
анықтау
2
1 академиялық сағат – 45 минут.
Барлығы – 80 академиялық сағат.
| 12 |
Достарыңызбен бөлісу: |