Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В011300-Биология Пән циклы атауы және коды



бет7/61
Дата06.01.2022
өлшемі111,12 Kb.
#16793
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61
Байланысты:
12 жылдық силла 2020

11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

11.1. Тақырыбы: Өзекті білім беру парадигмалары. Білім беру методологиясы

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Өзекті білім беру парадигмалары.

  2. Білім беру методологиясы. Педагогикалық методология анықтамасы. Методологиялық білім құрылымының деңгейлері.

  3. Қазіргі заманғы философиялық идеялар. Білім философиясы – жеке пән.

  4. ХХІ ғасыр философиясы. Тұлға мүмкіндігін дамыту идеяларының «педагогикалық рефлексия» ұғымына негізделуі.

Дәріс тезисі

ХХ ғасырмен эволюцияның кезекті кезеңі аяқталды деген тұжырым бар. Дүние дамудың постиндустриалдық цикылына кіреді. Әзірше оған ат қойып, айдар тағылған жоқ, бірақ негізгі тарихи белгілері анықталған. Біз білім беру жүйесін құруымыз үшін сол тарихқа үңілуіміз керек. Ғасыр тереңіне сүңгімегенмен, біз қайдан келіп, қайда баратынымызды түсінсек жеткілікті болады.

Білім беру жүйесінің алдында азаматтарды өмірдегі тиімді қызметке дайындау міндеті тұр. Мемлекеттік ұйымдар жүйесінде бұл қызмет спекторлары әртүрлі болды.

Экономика мен саясатқа толық қызмет ететін білім беру ресурстарының мазмұны мен құрылымы осы жағдайларға орайластырылды. Бұл заңды да, білім беру мемлекеттік институт ретінде экономиканың өнімсіз ресурсы болып есептеледі. Бұл жалпы ереже онша конструктивті емес, ең маңыздысы экономика құрылымы мен білім беру ресурстарын ұйымдастырудың арасындағы байланыс, корреляциялардың қалай қалыптасуында, білім беру жүйесінің экономикалық стратегиялардың алмасуына қаншалықты жауап бере алатындығында.



Әдебиеттер:

  1. Қазақтан Республикасының 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасы. Астана,

2006

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім.

  2. С.А.Мұсаева., Т.Б.Бегалиев.Жас ерекшелік педагогикасы.Астана, 2009.

  3. В.Н.Дружинина. Психология.Санкт-Петербург, 2010.

  4. 12 жылдық мектепте оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі туралы ереже.

Астана, 2009

Қосымша әдебиеттер



  1. 12 жылдық білім. // №2-№8,, 2016.Астана.

  2. А.Кенжеғұлова 12 жылдық білім беру жүйесінің педагогикалық психологиялық

негіздері Ақтөбе, 2009

Өткізу форматы: Тақырып бойынша диалог, интерактивті дискуссия формасында дәрісті ауызша дамыту.Тақырып бойынша мәселелерді талқылау SMART-мақсат, СТО әдісі арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет