Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В011300-Биология Пән циклы атауы және коды


Тақырыбы: Тұлғаға бағдарланған білім берудің ғылыми негіздемесі



бет9/61
Дата06.01.2022
өлшемі111,12 Kb.
#16793
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
12 жылдық силла 2020

11.3. Тақырыбы: Тұлғаға бағдарланған білім берудің ғылыми негіздемесі

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

1.Тұлғаға бағдарланған білім беру қағидалары (Карл Роджерс).

2. Кеңес ғалымдарының көзқарастары (Л.С.Выготский, А.А.Леонтьев, П.Я.Гальперин).

3. Кеңес психологтары ұсынған қағидалар.

4. Білім беруді жаңарту тенденциялары.

5. Тұлғаға бағдарланған білім беру туралы түсініктер

6. Тұлғаға бағдарланған білім берудің педагогикалық міндеттері.

Дәріс тезисі

Тұлғаға бағдарланған білім берудің түсініктері (трактовкалар)

Жалпы көпшілік педагогикалық санада тұлғалық көзқарас педагогтар мен тәрбиешілердің қарым-қатынасының этикалық-гуманистік принципі ретінде түсініледі. Баланы тұлға ретінде қабылдауға, яғни гуманизмге педагогикалық ойдың классиктері Ж.Ж. Руссо, Л.Н. Толстой, М. Монтессори т.б. және бұл принципке ынтымақтастық педагогикасы формасында мән берген қазіргі заманғы жаңашыл-педагогтар шақырады.



  • Тұлғалық бағыт басты мақсатты тұлға айналасындағы педагогикалық әрекеттер бағыттарының синтезі принципі ретінде қарастырады. Педагогикалық процесте болып жатқанның бәрі егер осы мақсатқа жұмыс жасаса, педагогикалық тұрғыдан танылады.

  • ұлғалық бағыт педагогикалық процестегі тұлғалық жаңа өзгерістер механизмін ашатын түсінік принципі ретінде де талқыланады.

  • Бұл бағыт білім беру процесінде білім беру «маршруттарын» таңдауының және өтіп жатқан материалды өзінің тұлғалық қабылдауының еркіндік принципі ретінде де қарастырды.

  • Білім берудегі «тұлға» ұғымы ұзақ жылдар бойы эталон, «жаңа адамның» моделі деп түсіндіріледі. Сөз тұлғаны тәрбиелеу туралы болды. Кеңес педагогикасында тұлғалық көзқарас осылайша ұғынылады.

  • Тұлғалық бағытта білім берудегі жеке бастың басымдылығы ұжымдық тәрбиеге балама ретінде қарастырылды.

  • Тұлғалық бағыт педагогикалық процестің біртұтастығы туралы түсінікпен байланыстырылады. Тұлғаға бағдарлық білім беру жүйесін құруда функционализм мен рецептілікті жоюға мүмкіндік жасайды.Тұлғалық бағыт оқушының тұлғалық қасиеттерін өзі дамытуға бағыттайтын педагогикалық процестің ерекше түрін құра алады деп қарастырылады.

Әдебиеттер:

  1. С.А.Мұсаева., Т.Б.Бегалиев.Жас ерекшелік педагогикасы.Астана, 2009.

  2. В.Н.Дружинина. Психология.Санкт-Петербург, 2010.

  3. 12 жылдық мектепте оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі туралы ереже.

Астана, 2009

Қосымша әдебиеттер



  1. 12 жылдық білім. // №2-№8,, 2016.Астана.

  2. А.Кенжеғұлова 12 жылдық білім беру жүйесінің педагогикалық психологиялық

негіздері Ақтөбе, 2009

Өткізу форматы: Тақырып бойынша диалог, интерактивті дискуссия формасында дәрісті ауызша дамыту.Тақырып бойынша мәселелерді талқылау SMART-мақсат, СТО әдісі арқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет