Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В04104-Қаржы Пән циклы атауы және коды



бет6/43
Дата30.03.2022
өлшемі245,29 Kb.
#29305
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Силлабус ДОТ МИКРОМАКРО 1ФК во 19-20

7. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: экономикалық теория, кәсіпкерлік негіздері
8. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: макроэкономика, кәсіпорын экономикасы, статистика, қаржы, бухгалтерлік есеп

9.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ: Оn-line, Off-line режимдері
10. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Сағат саны

Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)




ОСӨЖ тапсырмалары

1

Экономиканы реттеудің нарықтық механизмі

Есептер шығару, жаттығулар орындау

2

Сәрсенбі, 16.40

2

Тұтынушы әрекетінің теориясы

Есептер шығару, жаттығулар орындау

4

Сәрсенбі, 16.40

3

Салыстырмалы статика және сұранысты талдау

Есептер шығару, жаттығулар орындау

4

Сәрсенбі, 16.40

4

Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма әрекеті

Есептер шығару, жаттығулар орындау

2

Сәрсенбі, 16.40

5

Монополист фирманың әрекеті

Есептер шығару, жаттығулар орындау

2

Сәрсенбі, 16.40

6

Монополиялық бәсеке және олигополия жағдайындағы фирма әрекеті

Есептер шығару, жаттығулар орындау

2

Сәрсенбі, 16.40

7

Макроэкономикалық көрсеткіштерді шығарудың проблемаларын талдау және шешу

Есептер шығару, жаттығулар орындау

4

Сәрсенбі, 16.40

8

AD-AS моделінде баға және бағадан тыс факторларды талдау

Есептер шығару, жаттығулар орындау

4

Сәрсенбі, 16.40

9

Кейнс кресін талдау

Есептер шығару, жаттығулар орындау

4

Сәрсенбі, 16.40

10

Мемлекеттік, салықтық және автономдық шығыстар мультипликаторларының ролі

Есептер шығару, жаттығулар орындау

2

Сәрсенбі, 16.40

СӨЖ тапсырмалары

1

Монополиялық бәсеке және олигополия жағдайындағы фирма әрекеті

Презентация

12

2-3 апта


2

Өндіріс факторлары нарығы

Презентация

12

4-5 апта

3

Солоу моделінде экономикалық өсу проблемаларын шешу және факторларын талдау

Презентация

12

6-8 апта


4

IS-LM моделі шеңберінде проблемаларды шешу және есептерді шығару

Презентация

13

9-10 апта


5

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысын талдау

Презентация

13

11-12 апта


6

ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын талдау

Презентация

13

13-14 апта




11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

11.1 Дәрістер

Тақырыбы: Микроэкономика және макроэкономика пәні мен әдістері

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Микроэкономика пәні, зерттеу объектісі мен субъектілері

2. Микроэкономика ғылымының зерттеу әдістері

3. Микроэкономикадағы айналым моделі

4. Балама шығын

Дәріс тезисі:

Микроэкономика – фирманың, белгілі бір саланың, үй шаруашылығының экономикасын зерттейтін ғылым. Микроэкономика экономикалық теория ғылымының бір бөлігі болып табылады. Микроэкономикада екі субъектінің экономикалық іс-әрекеті зерттеледі:үй шаруашылығы (тұтынушылар), фирмалар (өндірушілер).

Екі нарық қарастырылады:тауарлар мен қызметер нарығы (игіліктер нарығы), өндіріс факторлары нарығы (өндірістік ресурстар нарығы).

Микроэкономикада қарастырылатын сұрақтар: сұраныс, ұсыныс, нарықтық тепе-теңдік, нарықтағы тапшылық пен артықшылық, тұтынушы мен өндірушінің экономикалық іс-әрекеті, жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтары, өндіріс теориясы, өндірістік шығындар, нарықтың осал тұстары, ақпараттардың ассиметриялығы, сыртқы әсерлер, өндіріс факторлары нарығы т.б.

Микроэкономика ғылымының да кез-келген ғылым секілді өзіне тән зерттеу әдістері болады. Оның айырықша зерттеу әдістеріне экономикалық-математикалық модельдеу, функционалды талдау, шекті талдау әдістері жатады. Микроэкономикадағы айналым моделінде үй шаруашылығы мен фирманың тауарлар нарығындағы және өндіріс факторлары нарығындағы әрекеттері қарастырылады.

Балама шығындар - жүзеге аспаған мүмкіндіктердің ең үздігінен түсетін пайда. Басқаша айтқанда, балама шығын – бұл жіберіп алған мүмкіндік. Мысалы, егер Сіз күндізгі бөлімде оқымасаңыз, жұмыс жасап ақша табар едіңіз. Бірақ Сіз оқисыз. Жұмыс істеген жағдайда алатын жалақыдан Сіз бас тартып, оқуды таңдадыңыз. Бұл жерде жалақы балама шығын болып табылады. Балама шығынды өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады.

Әдебиет


  1. Б.М.Мұхамедиев. Микроэкономика. Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 308 б.

  2. Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.

  3. Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл -768 б.

  4. Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.- 480б.

  5. Липсиц И.В. Микроэкономика Макроэкономика. – М.: Кнорус, 2016. – 608с.

  6. Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 3- басылым, өңделген және толықтырылған.- // А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Эверо, 2018. – 340 б.

Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Тақырыбы: Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

1. Сұраныс функциясы және сұраныс заңы

2. Ұсыныс заңы, ұсыныстың және ұсыныс көлемінің өзгеруі

3.Нарықтық тепе-теңдік

4.Сұраныстың бағалық икемділігі

5.Сұраныстың табыстық икемділігі

6.Ұсыныстың бағалық икемділігі

Дәріс тезисі:

Сұраныс – бұл төлем қабілетті қажеттілік немесе тұтынушының белгілі бір тауарды таңдауы және оны сатып алу қабілеті. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Сұраныс функциясының жалпы түрі:

Сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады. Сұраныс заңы: тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын сұраныс көбейеді және, керісінше, тауар бағасы жоғарылаған сайын сатып алынатын тауарлар саны азая түседі.

Егер сұранысқа қарастырылып отырған тауар бағасы әсер етсе, өзгеріс тек сұраныс қисығының бойында болады. Бұл процесс сұраныс көлемінің өзгеруі деп аталады. Егер сұранысқа бағалық емес факторлар әсер етсе, сұраныс қисығы солға немесе оңға қарай параллель орын ауыстырады. Бұл өзгеріс сұраныстың өзгерісі деп аталады.

Ұсыныс – бұл нарықта бар немесе нарыққа ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Тауар бағасы өскен сайын тауар ұсынысының көлемі артады және баға төмендеген сайын ұсыныс көлемі қысқарады (ұсыныс заңы). Ұсыныс факторлары: баға, өндіріс технологиясы, өнімді өндіруге қажетті ресурстардың бағасы, салықтық ставка мен салықтық жеңілдіктер, дотация, субсидия, нарықтағы бәсекелестердің саны мен олардың өнімдерінің сапасы т.с.с. Нарықтық тепе-теңдік – бұл белгілі бір баға тұсындағы сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңдестігі қамтамасыз етілетін жағдай.

Нарықтық тепе-теңдік және оның бұзылуы



Нарықтық баға

Өндіріс көлемі

Нарықтық жағдай

P>PE

QDS

артықшылық

P=PE

QD=QS

тепе-теңдік

P
E

QD>QS

тапшылық

Тұтынушының сатып алуға дайын бағасы мен теңдестік баға арасындағы айырма тұтынушы ұтысы деп аталады. Сатушының немесе өндірушінің сатуға дайын бағасы мен теңдестік баға арасындағы айырма өндіруші ұтысы деп аталады.

Баға бойынша сұраныстың икемділігі сұранысы бар тауарлар көлемінің өзгерісіне баға өзгерісінің ықпал ету деңгейін көрсетеді. Сұраныстың бағалық икемділігінің дәрежесі бағалық икемділік коэффиценті:



Бағаның өзгерісіне қарағанда сұраныстың көлемінің өзгеру дәрежесі жоғары болса, бұл икемді сұраныс деп аталады ( ). Бағаның өзгерісіне қарағанда сұраныс көлемінің аз дәрежеге өзгеруі икемсіз сұраныс деп аталады ( ). Егер бағаның өзгеру шамасы мен сұраныс көлемінің өзгеру дәрежесі бірдей болса, бұл бірлік икемділікке тең сұраныс деп аталады (). Бағаның елеусіз шамаға ғана өзгеруінің өзі немесе мүлде өзгермеуі сұранысты шексіз өзгертетін болса, мұндай тауарларға деген сұраныс өте икемді сұраныс деп аталады( ). Бағаның шексіз өзгеруі сұранысқа мүлде әсер етпесе немесе өте елеусіз ғана әсер етсе, мұндай сұраныс өте икемсіз сұраныс деп аталады. ( )

Сұраныстың табыс бойынша икемділігі тұтынушы табысы бір пайызға өзгерген кездегі сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді:



Табыс өскен сайын кейбір тауарларға сұраныс артады. Бұл тауарлардың табыс бойынша икемділігі теріс мәнге ие (). Мұндай тауарларды қалыпты немесе стандартты тауарлар деп атайды. Экономистер стандартты тауарлардың төмендегі түрлерін ажыратады: Алғашқы қажеттіліктегі тауарлар( ); Дәулетті тауарлар. болады; Екінші қажеттіліктегі тауарлар. ( ).

Сұраныстың қиылысқан икемділігі бір тауардың бағасының өзгеруі екінші бір тауарға деген сұранысты қаншалықты өзгертетіндігін көрсетеді. Ол бір тауардың бағасы бір пайызға өзгерген кезде басқа бір тауарға деген сұраныс қанша пайызға өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш тұтынылатын тауарлардың өзара бір-бірінен тәуелділігінің дәрежесін сипаттайды. Мәселен, қандай да бір берілген тауарды Х, ал екінші бір тауарды У әрпімен белгілейік. У тауарының бағасы өзгерді делік. Осы өзгерістің Х тауарының сұранысын қаншалықты өзгертетіндігін математикалық тілмен түсіндіруге болады:



болса, Х және У тауарлары - өзара ауыстырушы немесе субститут тауарлар. болса, Х және У тауарлары - өзара толықтырушы немесе комплементарлық тауарлар. болса, Х және У тауарлары - бір-бірінен тәуелсіз немесе бір-біріне қатысы жоқ тауарлар.

Ұсыныс икемділігі – бұл тауар мен қызметтер бағасының өзгеруі ұсынылатын игіліктер көлеміне қалай әсер ететінін көрсететін шама. Ұсыныстың икемділігі коэффициентін есептеу әдістемесі сұраныстың әдістемесіне ұқсас келеді.

Икемді сұраныс жағдайында салықтың көп бөлігін өндіруші, икемсіз сұраныс жағдайында сатып алушы төлейді. Егер ұсыныс икемді болса, салықтың көп бөлігін сатып алушы, ал ұсыныс икемсіз болса, көп бөлігін - өндіруші төлейді.

Әдебиет


  1. Б.М.Мұхамедиев. Микроэкономика. Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 308 б.

  2. Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.

  3. Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл -768 б.

  4. Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.- 480б.

  5. Липсиц И.В. Микроэкономика Макроэкономика. – М.: Кнорус, 2016. – 608с.

  6. Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 3- басылым, өңделген және толықтырылған.- // А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Эверо, 2018. – 340 б.

Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Тақырыбы: Тұтынушы әрекетінің теориясы

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Пайдалылық және шекті пайдалылық

  2. Талғамсыздық қисығы

  3. Бюджет шектеулігі

  4. Тұтынушының теңдестігі

  5. «Баға-тұтыну» сызығы

  6. «Табыс-тұтыну» сызығы

  7. Энгель қисығы


Дәріс тезисі:

Пайдалылық – бұл белгілі бір игілікті тұтыну нәтижесінде индивидтің алатын қанағатының дәрежесі немесе игіліктің тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігі. Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы дегеніміз – жекелеген тауар мен қызметтер жиынын тұтынудан алынатын жалпы қанағаттың өлшемі. Игіліктің әр қосымша бірлігін тұтынудан алатын тұтынушының пайдалылығы шекті пайдалылық деп аталады. Ол MU деп белгіленіп, келесі формуламен анықталады:



Кемімелі шекті пайдалылық заңы: басқа тауарларды тұтыну тұрақты болған жағдайда берілген қандай да бір тауарды тұтынған сайын оның шекті пайдалылығы кеми береді. Госсеннің екінші заңы: барлық тұтынылған игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген игіліктер жиынын тұтынудан максимум пайдалылық алады. Тұтынушының ақшалай табысы кез-келген игілікті алуға жұмсалған бір ақша бірлігі бірдей шекті пайдалылық әкелетіндей етіп бөлінген жағдайда пайдалылық максимум мәнге жетеді.

Талғамсыздық қисығы – бұл тұтынушы үшін құндылықтары бірдей екі игіліктің әр түрлі құрамдағы комбинациясын көрсететін сызық.

Бюджет шектеулілігінің мәні шығады: тұтынушының Х және У игіліктеріне жұмсайтын ақша сомасы оның табысынан аспауы керек: Рх· Х, + Ру· У=І

Бюджет сызығы мен талғамсыздық қисығының жанасу нүктесі тұтынушының теңдестік (ұтымды) жағдайын көрсетеді. Бұл нүктеде тұтынушының қалаған тауарын сатып алуына оның қаражаты жеткілікті болады. Басқаша айтқанда, тауарлардың ұтымды деңгейі – бұл тұтынушыны жоғары пайдалылықты қамтамасыз ететін бюджет сызығының бойындағы нүкте.

Қарастырылып отырған екі тауардың біреуінің бағасы арзандаған жағдайдағы (Py=const, I=const) орын ауыстырған бюджет сызықтары мен талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктелерін қосатын болсақ, «баға-тұтыну» қисығы деп аталатын сызық пайда болады. Тұтынушы қолда бар табысына Х және У тауарын белгілі бір көлемде сатып алады делік. Егер тұтынушы табысы мен У тауарының бағасы өзгермей, Х тауарының бағасы арзандаса, тұтынушының Х тауарынан бұрынғыға қарағанда көбірек алуға мүмкіндігі болады. Бұл кезде бюджет сызығы тек Х осінің бойымен оңға қарай жылжып, орын ауыстырады (1-сурет). Керісінше, Х тауарының бағасы қымбаттаса, бюджет сызығы Х осінің бойымен солға қарай жылжиды. Ал егер тұтынушы табысы мен Х тауарының бағасы тұрақты болып (I=const, Pх=const), ал У тауарының бағасы арзандап-қымбаттаса, бюджет сызығының У осінің орын ауыстыруы орын алады.




Тұтынушы табысының азаюынан немесе екі тауар бағасының қымбаттауынан бюджет сызығы солға қарай төменге жылжиды. Егер бюджет сызықтары мен талғамсыздық қисықтарының жанасу нүктелерін қосатын болсақ, «табыс-тұтыну» қисығы пайда болады. Оны кей экономикалық әдебиеттерде өмір сүру деңгейінің қисығы деп атайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет