Тақырыбы: Өндіріс және өндіріс шығындары
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Өндіріс және өндірістік функция
2. Өндіріс факторлары
3. Изокванта және технологияны таңдау
4. Изокоста
5. Өндіріс ауқымынан болатын үнемдеу
6. Өндіріс шығындары.
Дәріс тезисі:
Өндіріс дегеніміз - өндіріс факторларына қолдана отырып, адам қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған экономикалық игіліктерді жасап бағытталған экономикалық игіліктерді жасап шығару процесі. Өндіріс процесін жүзеге асыру үшін басқа бір игіліктер қажет. Оларды экономикалық теорияда өндіріс факторлары деп атайды. Өндіріс факторларына, әдетте, жерді, капиталды, жұмыс күшін, кәсіпкерлік қабілеттілікті жатқызады. Өндірістің жоғарыдағы «дәстүрлі» факторларының қатарына ақпаратты, уақытты қосуға болады.
Қолданылатын өндіріс факторлары мен алынуы мүмкін өндіріс көлемінің максимум деңгейі арасындағы байланыс өндіріс функциясы деп аталады:
Өндіріс факторының бір бөлігі тұрақты болып, айнымалы факторды қолданып өндірілген өнім көлемі айнымалы фактордың жалпы (немесе жиынтық) өнімі деп аталады. Ол TP (total product – ағылшынша жалпы өнім) деп белгіленеді.
Айнымалы фактордың орташа өнімі жалпы өнімнің қолданылған айнымалы фактордың көлеміне қатынасы арқылы есептеледі және айнымалы фактор көлемінің бір бөлігін пайдалана отырып өндірілген өнімнің көлемін көрсетеді:
Микроэкономикада орташа және жалпы өнімдермен қоса шекті өнім ұғымы да қолданылады. Айнымалы фактордың шекті өнімі – бұл өндіріс факторларының бір бөлігі тұрақты болған жағдайдағы айнымалы фактордың қосымша бірлігін пайдалана отырып алынған жалпы өнімнің өзгерісі. Ол MP деп белгіленеді:
Өнім өндірудің әдіс-тәсілі технология деп аталады. Өндірістік технологияны графиктік түрде екі өлшемді кеңістіктегі сызықтар түрінде көрсетуге болады. Бұл сызықтарды бірдей өндіріс сызығы немесе изокванта деп атайды.
Капиталды еңбекпен технологиялық ауыстырудың шекті нормасы - өндіріс көлемін сақтай отырып өнім бірлігіне кететін еңбек шығынын артыру арқылы капитал шығынын қанша мөлшерге азайту қажеттілігін көрсететін шама:
Өндірістік теориядағы зерттеуде қолданылатын изокванта қисығының кемшілігі – ол өнім өндіруге жұмсалатын ресурстар мен өндіріс көлемінің натуралды көрсеткіштерін сипаттайды. Бұл көрсеткіштердің құндық сипатамасын беру үшін микроэкономикада бірдей шығындар түзуі немесе изокоста сызығы қолданылады. Изокванта мен изокостаның жанасу нүктелерінде өндірушінің теңдестік жағдайы қалыптасады.
Өндіріс ауқымының өзгеруі нәтижесінде өндіріс көлемінің өзгеруі өндіріс ауқымынан болатын қайтарым немесе өндіріс ауқымынан болатын үнемдеу деп аталады.
Егер өндіріс көлемін арттыру ресурстарды үнемді пайдалану есебінен жүргізілсе, бұл өндіріс ауқымынан болатын өспелі үнемдеу (қайтарым) болып саналады. Егер өндіріс көлемін арттыра отырып кәсіпорын ресурсты үнемді жұмсамаса, бұл өндіріс ауқымынан болатын кемімелі үнемдеу деп аталады. Егер өндіріс ресурстарын арттыру көлемі мен өндіріс көлемінің арту шамасы бірдей болса, бұл өндіріс ауқымынан болатын тұрақты үнемдеу деп аталады.
Тұрақты шығындар ҒС – бұл қысқа мерзім кезінде өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Мысалы, амортизациялық төлем, жал төлемі, тұрақты салық, сақтандыру төлемі, т.б. Айнымалы шығындар VC – бұл өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін шығындар. Мысалы, шикізат шығыны, жұмысшылар жалақысы, энергия мен отынға, тасымалдауға кеткен шығындар, т.с.с. ТС-жалпы шығын
ҒС + VC= ТС; АС (АТС)= ; АС= AFC+AVC; АҒС = ; АVС = ; МС = немесе МС =
Өнімнің бір данасын өндіруге кеткен жалпы шығынның көлемі орташа жалпы шығын АС деп аталады. Орташа жалпы шығындар орташа тұрақты АҒС және орташа айнымалы шығын АVС болып бөлінеді.
Орташа тұрақты шығын – бұл өнімнің бір данасын өндіруге кеткен тұрақты шығынның көлемі. Орташа айнымалы шығын - өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалған айнымалы шығынның көлемі. Өнімнің қосымша данасын өндіруге кететін шығын шекті шығын (МС) деп аталады.
Әртүрлі өндірістердің жалпы орташа шығындарының минимум нүктелерін қоссақ, ұзақ мерзімдегі орташа шығындары (LRAC) пайда болады.
Әдебиет
1.Б.М.Мұхамедиев. Микроэкономика. Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 308 б.
2.Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
3.Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл -768 б.
4.Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.- 480б.
5.Липсиц И.В. Микроэкономика Макроэкономика. – М.: Кнорус, 2016. – 608с.
6.Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 3- басылым, өңделген және толықтырылған.- // А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Эверо, 2018. – 340 б.
Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Достарыңызбен бөлісу: |