Тақырыбы: Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма әрекетін талдау
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Жетілген бәсеке нарығының белгілері
2. Бәсекелесуші фирманың өндірісін жалғастыру немесе тоқтату шарты
3. Жетілген бәсеке нарығындағы ұсыныс.
Дәріс тезисі:
Нарық жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарына бөлінеді. Жетілген бәсеке нарығының белгілері: нарықта стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны өте көп болады; әр фирманың жалпы нарықтағы үлесі елеусіз. Сондықтан өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, сол себепті өнімнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды; баға, технология және күтілетін пайда жөнінде ақпараттар белгілі болады; жаңа фирманың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауыл қойылмайды.
Бәсекелесуші фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгілеген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілген өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушілердің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады. Жетілген бәсекеде шекті түсім (MR) қисығы фирманың сұраныс қисығымен сәйкес келеді. Фирма бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.
Бәсеке нарығындағы өндіруші алдында 3 мәселе туады: өнім өндіру қажет пе? егер өндіру қажет болса, қанша мөлшерде өндіру керек? алынатын пайда немесе зиян мөлшері қандай?
Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығын мен фирманың қысқа мерзімдегі өз қызметін жалғастырғандағы шығындарды анықтау керек. Өндіріс тоқтаған кезде зиян У=FC болады. Сонымен, бәсекелесуші өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе FC-тен кем зиян шексе, онда өндірісті жүргізуге болады.
Фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді.
а) P>ACmin, бұл кезде болады, яғни фирма пайда табады. Осы пайданың көлемін мейлінше арттыру үшін шекті түсім шекті шығынға тең немесе одан артық болғанға дейін өндірісті жүргізуі тиіс.
Енді AVC min
min жағдайын қарастырамыз. Бұл жағдайда фирма зиян шегеді. Фирманың міндеті - өндірісті тоқтату немесе қысқа мерзім кезінде қызметін жалғастыру.
min – фирманы жабу жағдайы фирма өнімінің бағасы орташа айнымалы шығыдардан аз делік. Бұл кезде фирма өзінің айнымалы шығындарын жаба алатын өндіріс көлемін де шығара алмайды. Егер өндірісті жалғастыратын болса, оның зияны У>FC болады, У=TC болады. Сондықтан фирма өз жұмысын тоқтатқаны жөн. Уmіn=FC болады.
Фирманың ұсыныс қисығы шекті шығындар қисығының – АVС-дан жоғары орналасқан бөлігі. Нарықтық ұсыным дегеніміз - саладағы фирмалардың кез-келген мүмкін болатын бағамен сатқысы келетін нарықтағы өнім көлемінің сомасы.
Әдебиет
1.Б.М.Мұхамедиев. Микроэкономика. Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 308 б.
2.Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
3.Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл -768 б.
4.Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.- 480б.
5.Липсиц И.В. Микроэкономика Макроэкономика. – М.: Кнорус, 2016. – 608с.
6.Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 3- басылым, өңделген және толықтырылған. // А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Эверо, 2018. – 340 б.
Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Достарыңызбен бөлісу: |