Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В04104-Қаржы Пән циклы атауы және коды



бет10/43
Дата30.03.2022
өлшемі245,29 Kb.
#29305
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
Силлабус ДОТ МИКРОМАКРО 1ФК во 19-20

Тақырыбы: Жетілмеген бәсеке нарығындағы фирма әрекетін талдау

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Монополия нарығының белгілері

  2. Монополистің пайдасын мейлінше арттыру

  3. Монополияның тиімсіздігі

  4. Монополияға қарсы күрес

  5. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы

  6. Олигополия нарығының белгілері.

  7. Олигополия нарығындағы модельдер


Дәріс тезисі:

Егер фирма біртекті тауардың жалғыз өндірушісі болса, ол таза (абсолютті) монополия деп аталады. Монополист фирманың ауқымы саланың ауқымына сәйкес келеді. Демек, монополистің сұраныс қисығы нарықтық сұраныс қисығы болады және теріс көлбеулі болып табылады. Белгілі бір салада бірнеше фирманың жұмыс жасауына мүмкіндік бола тұрса да, олардың біреуінен артығының жұмыс істеуі экономикалық жағынан тиімсіз болады. Оны табиғи монополия деп аталады.

Нарықта көп сатушы, жалғыз сатып алушы әрекет етсе, ол монопсония нарығы деп аталады. Ол монополияға кері құрылым. Бұл жағдайда нарықтық билік сатып алушының қолында болды.

Монополия нарығының белгілері: нарықта ерекше өнім шығаратын немесе қызмет көрсететін жалғыз фирманың болуы; нарықта ауыстырушы тауарлардың болмауы; салаға кіру және одан шығу тосқауылдарының жоғары болуы.

Салаға кіру және тосқауылдары төмендегі жағдайларға байланысты: саланың капитал сыйымдылығының жоғары болуы; шикізат көзінің шектеулілігі; салада жалғыз фирманың әрекет етуінің экономикалық жағынан тиімді болуы; мемлекет тарапынан авторлық құқықтың, лицензияның, патенттің берілуі; импорттық тауарларға салынатын баж салығының сырттан болатын бәсекені шектеуі.

Кей салаларда рентабельділіктің төмендігіне қарамастан, шаруашылық бірліктері сол салада қалып жұмыс жасай береді. Мұның себебі неде? Бұл сұраққа жауап алу үшін саладан шығу кедергілерін көрсету қажет.

Саладан шығу кедергілері: салынған ірі инвестицияларды өтеу қажеттігі; фирма жетекшілерінің фирма имиджін жойғысы келмеуі; үкіметтің фирманың жабылмауына қызығушылық танытуы; кәсіпорынды жою шығындарының үлкен болуы; фирма серіктестерінің оппозициялары; фирма менеджерінің өз беделін түсірмеуге тырысуы т.с.с.

Монополия нарығында, жетілген бәсеке нарығындағыдай емес, баға берілген шама болып табылмайды. Тиімді өндіріс көлемін таңдау үшін монополист шекті шығынның шекті түсімге теңесуін ескеруі қажет. Тиімділік шарт алгебралық түрде былай жазылады: MR=MC. Монополист өз өнімінің бағасын шекті түсімнен артық етіп белгілейді: P>MR.

Монополия тұсында тұтынушылар жетілген бәсеке нарығына қарағанда аз өнім алады және ол қымбатырақ бағаға сатылады. Бұл - өндіріске өндіріс факторлары да аз тартылады деген сөз. Қоғам ресурстары толық пайдаланбаудан зиян шегеді. Монополияның осы кемшілігін XX ғасырдың 50 жылдары америка ғалымы Харбергер зерттеген.

Монополист нарықтық экономика тұсында қалыптасып, соның заңымен әрекет етеді. Ол потенциалды бәсекелестермен және пайда болуы мүмкін субститут-тауарлармен санасуы керек. Сонымен қатар көптеген елде монополияға қарсы заңдар әрекет етеді.

Егер нарықта бірдей емес бірақ бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін немесе қызмет көрсететін фирмалар саны көп болса, мұндай нарық монополиялық бәсеке нарығы деп аталады. Аты айтып тұрғандай, онда монополияның да, жетілген бәсекенің де белгілері болады.



Монополиялық бәсеке нарығының белгілері: нарықта бір-бірімен бәсекелесуші фирмалар санының көп болуы; өнімдердің дифференциалдық сипатқа ие болуы; салаға кіру-шығу кедергілерінің жоғары болмауы; жарнаманың жүргізілуі.

Олигополия – бұл әрқайсысының нарықтағы үлестері жоғары бірнеше фирмалар әрекет ететін нарықтық құрылым.



Олигополия нарығының белгілері: нарықтағы фирмалар санының шектеулілігі; салаға кіру кедергілерінің жоғары болуы. 1-ден, өндіріс ауқымынан болатын экономияға байланысты. Кей жағдайда ірі өндіріс салаларында ұсақ фирмалардың әрекет етуі экономикалық жағынан тиімсіз болады. Олардың табысы өндіріс шығындарын жаба алмауы мүмкін. 2-ден, патенттік монополиямен байланысты; 3-ден капитал сыйымдылығының жоғары болуы; 4-ден, кейбір ірі фирмалардың сирек шикізат көздеріне бақылау жүргізуі; 5-ден,жарнама шығындарының өте жоғары болуы.

Шығу кедергілері: капиталды қайтарып алу қажеттігі; фирма жетекшісінің қалыптасқан беделі мен фирма имиджін жойғысы келмеуі; саладағы фирмалардың бір-біріне тәуелділігі.

Баға соғысы – бәсекелестерін нарықтан ығыстырып шығару мақсатында баға деңгейін қасақана түсіру. Тұтынушылардың өзінен кете бастағанын байқаған екінші фирма да бағаны түсіреді. Баға РАС болғанға дейін түседі.

Олигополия нарығындағы фирмалардың шешім қабылдау кезінде бірігуі, бұл құрылымның кооперативтік нысаны болып табылады. Ал фирмалардың дербес шешім қабылдауы кооперативтік емес нысан болып табылады. Кооперативтік емес нысандағы ойындардың қатарында Курно моделін, Бертран моделін, «Тұтқындар дилеммасы» қарастыруға болады.

Картель - олигополист фирмалардың баға, өндіріс көлемі жөніндегі шешім қабылдау үшін бірігуі. Олар нарықты бөлу жөніндегі келісіммен бірігіп, өндірістің көлемі мен бағаларға қатысты бірдей іс-қимылдар жасап, монополиялық пайда алуға көзделген. Сондықтан, өз өніміне сұранысты біле тұра, олигополист-фирмалар жоғарылау баға және шектелген өндіріс көлемі туралы келісіп тұрақты экономикалық пайданы алады.

Көптеген елдерде картельге бірігуге тыйым салынған (мысалы, ҚР-да). Егер жетекшілердің заңсыз әрекет етіп жатырғаны белгілі болса, олар жауапқа тартылады. Картель монополияның құрылуына жағдай жасайды. Сондықтан фирмалар жалпы пайдалануын арттыру үшін құпия келісім жүргізеді.



Әдебиет

  1. Б.М.Мұхамедиев. Микроэкономика. Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 308 б.

  2. Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.

  3. Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл -768 б.

  4. Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. –Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 ж.- 480б.

  5. Липсиц И.В. Микроэкономика Макроэкономика. – М.: Кнорус, 2016. – 608с.

  6. Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – 3- басылым, өңделген және толықтырылған. // А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Эверо, 2018. – 340 б.

Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет