Сабақтың мақсаты: 1. Білім алушылардың теориялық білімдерін тексеру:
2. Білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру:
Қысқаша теориялық мәліметтер Исламды діни жүйе ретінде қарастырған кезде шариғат негіздерін -мұсылмандық заңдар жүйесін білу қажет. "Шариғат" термині арабтың "шараа" - "заң шығару", "қарату" сөзінен шықкан. "Ташриун" - "заңнама", "шариун" -"заң шығарушы", "муташариун" - "заңгер" және тағы басқа ондаған терминдер осы түбірден шыққан. Уильям Монтгомерп Уотт пен Пьер Какиа атга ағылшын шығыстанушылары шариғатты "басқалардан көп айырмашылығы бар мұсылмандық құқық концепциясы" ретінде анықтайды.
Социалистікке дейінгі қоғамдық формацияларға құқықтық нормаларды белгілі бір діни жақтан негіздеу тән. Бұл ретте мұсылмандық юриспруденция ерекшелік емес. Бірақ сонда да шариғаттың басқа діни заңшығарушы жүйелерде баламасы жоқ.
Семинар сабаққа дайындық бойынша білім алушыларға әдістемелік ұсынымдар: Тақырып бойынша мағлұматтарды өз бетінше дерек көздерден іздеп, саралайды. Университет кітапханасынан және облыстық, қалалық кітапханалардан тақырып аясындағы мәліметтерді жинақтап, практикалық сабаққа студент өз бетінше дайындалады және құқықтық мағлұматтарды жүйелейді
Пысықталатын оқу мәселелерінің және студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмаларының тізбесі: Тақырып бойынша лекция жинағынан, әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде жазбаша түсініктеме жазу (көлемі 0,5 беттен аспауыкерек).
Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады
Ақпараттық қамтамасыз ету және жабдықтар: Презентация
Интерактивті тақта
Үй тапсырмаларының тізбесі мен түрлері: -Тест сұрақтарына жауап .
-Нормативтік құқықтық актілерді оқу:
-ҚР Конституциясы
Бақылау сұрақтары 1.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Индияның ұлттық құқығы.
2.Аумақтық құқық түсінігі. Кодификация. Ағылшын құқығының рецепциясы.
4.Құқықтық қалыптасуы мен дамуындағы адаттың рөлі.
5.Адаттың маңызы мен түсінігі.
6.Африка контингенті елдерінің құқықтық жүйесіне христиан, ислам және индуизмнің тигізетін әсері. Отарлау дәуірі шетел құқықтарын рецепциялау.
Пайдаланылған әдебиеттер мен Web сайттар тізімі 1. С.Б. Бейсебаева «Салыстырмалы құқықтану». Оқу құралы.–Шымкент: «Әлем» 2015ж.
2.Административное право зарубежных стран. М., 2012 г.
3.С.А.Табанов « Салыстырмалықұқықтану негіздері » Алматы. « Жеті жарғы » 2003ж.
4.Давид Р. Основные Сравнительное правоведение. М. 2014.
5Ахметшин Х.М., Петухов А.А. Современное уголовное законодательство КНР. М., 2000.
6. Құлжанов Б. Салыстырмалы құқықтану : Лекциялар курсы. . - Шымкент: ЮКГУ им. М. Ауэзова, 2007. - 23 б.