Кіріспе 1-Апта. Салыстырмалы құқықтану туралы түсінік. Салыстырмалы құқықтық ғылымның пәні мен әдісі
Жоспар: 1.Құқықтанудағы салыстыру туралы түсінік.
2.Салыстырмалы-құқықтық зерттеулердің типтері мен түрлері.
3.Салыстырмалы-құқықтық туралы түсінік.
4.Салыстырмалы құқықтық ғылымның пәні мен әдісі.
5.Салыстырмалы-құқықтың теориялық қызметі. Құқықтағы салыстырудың теориялық проблемалары.
6.Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелерді қарастырып, зерттеу. Дәстүрлі салыстырмалы заңнама.
Сабақтың мақсаты: Салыстырмалы құқықтың мағынасын ашу, түсіну. Салыстырмалы-құқықтық зерттеулердің типтері мен түрлері ерекшеліктерін атап, оның жүйесін талқылау. Білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру
Қысқаша теориялық мәліметтер Қазіргі уақытта мемлекеттік және қоғамдық емірдің көптеген салаларында дәуірлеу үрдістері күшейе түсуде. Әлемдік қоғамдастық пен мемлекет жалпы қоғамдық қағидаларға көп көңіл бөледі және әртүрлі құқықтық жүйелердің өзара жакындасуына ықпал етеді. Ұлттық заңдардың даму тәжірибесін зерттеуге, құқықтық ақпараттар мен ғылыми идеялармен өзара алмасу жүргізуге деген қызығушылық күшеюде. Осылардын барлығы салыстырмалы құқықтану туралы білімдердің топтастырылуы меи ары қарай даму қажетгілігін тудырады. Салыстырмалы құқықтану құқықты оқып үйренуде ұлттық біржақты нұсқаудың шеңберінен шығып, құқықты кең аяда зерттеуге жол ашады.
Семинар сабаққа дайындық бойынша білім алушыларға әдістемелік ұсынымдар: Студент тақырыпқа байланысты мағлұматтарды өз бетінше нормативтік –құқықтық актілерден іздеп, саралайды. Университет кітапханасынан және облыстық, қалалық кітапханалардан тақырып аясындағы мәліметтерді жинақтап, практикалық сабаққа студент өз бетінше дайындалады.
Пысықталатын оқу мәселелерінің және студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмаларының тізбесі: 1.Салыстырмалы құқықтанудың ғылым және оқу пәні ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері.
«Салыстырмалы-құқықтық туралы түсінік» тақырыбында дөңгелек үстел түрінде практикалық сабақ ұйымдастырылады. Студент аталған тақырыптар бойынша баяндамалар дайындап, аталған тақырыптар бойынша талқылаулар өткізеді.
2.«Құқықтағы салыстырудың теориялық проблемалары» тақырыбында студенттер арасында пікірталас ұйымдастыру.. Пікір-таласта студенттер екі топқа ажырап өз ойын дәлелдеп шығады.