Білім беру бағдарламасының коды және толық атауы


Топтық жоба Презентациялар жасау (25%)



бет5/7
Дата18.03.2023
өлшемі56,83 Kb.
#75308
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Силлабус Философия 2022

Топтық жоба Презентациялар жасау (25%)

20-25

Зерттелген материал бойынша терең және толық білімді көрсетеді; қарастырылатын ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың мәнін, олардың өзара байланысын толық түсіне алады. Зерделенген материал негізінде толық және дұрыс жауап құра алады; негізгі ережелерді белгілей алады, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыларды жинақтай алады, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пәнішілік (бұрын алған білім негізінде) байланыстарды орната алады. Түсіндіруде шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

15-19

Сұрақ мазмұны бағдарламаның талаптарына толық, жүйелі түрде жазылуы мүмкін. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең біледі, өз ойларын жеңіл түрде жеткізе алады. Талқыланған мәселеге кең және жан-жақты талдау жасай алады. Нақты қателіктердің болмауы.
Қорытынды дәлелді және нақты материалға негізделген. сұраққа байланысты жауап беру кезінде маңызды емес 1-2 қателіктің болуы, бірақ өз бетінше түзете алады.

10-14

Зерттелген материалдан негізгі ережелерді өз бетінше анықтай алады, негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауапта логикалық, жүйелі бірізділік бар. Қорытындылау, дәлелдер мен мысалдар негізінде қорытынды жасау, тақырып ішінде байланыс орнату мүмкіндігі бар. Алынған білімді, ғылыми терминдерді практикада қолдана біледі. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеу дағдысы жеткіліксіз. Баяндауда жіберген кейбір қателіктерді, оқытушының сұрақтарына жауап беру барысында түзете алады.

6-9

Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, тұжырымдар жасалмайды; мысалдар қарастырылып отырған мәселеге сәйкес келмейді, оларды салыстыруға болмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көптеген қателіктер бар. Білім алушының жауабында талқыланатын мәселенің іргелі және негізгі мәселелермен байланысы туралы түсінік жоқ. Білім алушы жауапты оқытушының көмегінен кейін ғана түзете алады.

0-5

Білім алушы өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді, сөйлеу стилі төмен, көптеген қателіктер байқалады. Оқытушының негізгі сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет