Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл


Дәріс №5. Оқушыларды ынталандыру. Оқудағы кедергілерді анықтау



бет11/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Дәріс №5.
Оқушыларды ынталандыру. Оқудағы кедергілерді анықтау.
Оқудың аффектілік теориясы
Өткен ғасырдың 70–80-жылдарындағы оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистік психологияға негізделген және өсудің адами әлеуеті «МЕН» тұжырымдамасына сүйене отырып қарастырылған. Түсіне білуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып табылады.

Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым, американдық психолог Абрахам Харольд Маслоу (Авраам Маслоу) болды. Ынтаның иерархиялық моделін «Маслоудың қажетсіну пирамидасы», «Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы» деп те атайды. 1943 жылы «Psychological Review» журналында басылып шыққан «Адам мотивациясының теориясы» («A Theory of Human Motivation») атты Маслоудың кітабында осы идея қарастырылған болатын.


Маслоу бұл идеясын адамның ішкі құмарлықтарына бақылау жасау барысында қалыптастырған. Оның бұл теориясы адамның даму психологиясындағы басқа теориялармен қатарласып, адамның өсуі мен жетілуінің сатыларын айқындайды.
Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы адамның не үшін белгілі әрекеттерге ниеттенетінін оның түрлі деңгейдегі талап-тілектерімен түсіндіреді. Ол «физиологиялық», «қауіпсіздік», «Сүйіспеншілік және махаббат», «Қоғамдық қажетсіну немесе құрметтелу», «Өзін-өзі таныта білу» категориялары арқылы адамды әрекет жасауға итермелеген мотивацияны түсіндіреді.
Маслоудың түсіндіруі бойынша, әрбір саты келесі сатыға көтерілу үшін, алдыңғы саты толық орындалуы, алдыңғы қажетсіну толық қанағаттануы керек.
Маслоудың тұжырымдары толығырақ 1954 жылы «Мотивация және кісілік» («Motivation and Personality») атты кітабында қарастырылған. Маслоу ұсынған адамның бұл қажеттсіну пирамидасы өте қарапайым, бірақ нақты және өзекті (суретте).
Сурет. Маслоудың қажетсіну пирамидасы

Маслоу төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта жоғарғы деңгейден анағұрлым күшті болады. Оның кейбір қарсыластары бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:



1-деңгей: Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.
2-деңгей: Болашағы болжанған және бірізділікке негізделген әлем қажеттілігіне орай қауіпсіздікке деген талап туындайды. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өзінің әлемін қорғап, қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін қамсыздандыру үшін бар күштерін жұмсайды. Егер қанағаттандырылса, адамдар 3-деңгейге ауыса алады.
3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.
4-деңгей: Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлікке, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.
5-деңгей: Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілет және әлеуеттік шамасын толық көрсете білу.
Енді осы қажеттіліктер деңгейлерін қарапайым түрде талдап көрейік.
Осы пирамиданың төменгі екі деңгейі – биологиялық, физиологиялық қажеттіліктер және қауіпсіздік қажеттіліктері адам өмірінің төменгі қажеттіліктері болып табылады, қалған жоғары деңгейлер осы екеуін алғышарт етеді. Тыныс алу, тамақтану, ұйықтау, біреудің шабуылына ұшырамау, қауіпсіз болу секілді шарттар болмаса, қалғандары да болмайды.
Ал, тамағы тоқ, ұйқысы тыныс, өзін қауіпсіз сезінген адамдардың ары қарай эмоциялық қажеттіліктері ояна бастайды: қуанғысы, күлгісі, достасқысы, сүйгісі, рахаттанғысы келеді. Бұл үшінші деңгей – сүйіспеншілік және қарым-қатынас қажеттіліктері.
Сосын адамдар ендігі жерде қошаметке бөленгісі келеді. «Қоғамдағы адамдар мені білсе» дейді, «қоғамдағылар мен туралы жақсы сөздер айтса екен» дейді, соны армандайды. Ол адамдардан құрмет, қошамет аңсайды, мақтау дәметеді, дәріптеу күтеді. Бұл төртінші деңгей – өзін-өзі құрметтеу қажеттілігі.
Жер шарындағы көп адамның өмірге қояр негізгі талабы осы төрт деңгейден көп ұзай қоймайды. Олар үшін тірі жүрсе болды, ішіп-жеп игіліктенсе болды, қауіпсіз болса болды, рахатқа батса болды, ары болғанда айналасындағы адамдар оны мақтап-қошаметтесе болды, одан ары жоғарғыға басын қатырмайды.
Дегенмен адамдардан озып шығатын адамдар бар, олар жан бағу мен қауіпсіздікті, көңіл қуанышы мен қошаметті негізгі мақсат көрмейді, жай ғана қажетті шарт көреді. Олар төменнен қол үзбейді, бірақ оны одан да жоғары деңгейге талпынудың баспалдағы етеді. Бұл ең жоғары деңгей - өзін-өзі таныта білу. Мұндай адамдар өздерінің әлеуетін, потенциялын түгел оятады, ол жай ғана құрмет-қошамет күту емес, қайта түбегейлі сапалы адам болу, шынымен маңызды, қажетті адам болу, өмірде өзін нағыз адам етіп тәрбиелеу, жоғары қабілеті арқылы ең жоғары деңгейдегі іс тындырған толық адам болу.
Әрине, көп адам үшін бұлай болу ертегі сияқты көрінеді. Бірақ сондай деңгейге жеткен адамдар әлемде өте көп. Сонымен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет