Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер – негізгі өмірлік қажеттіліктер: ауа, тамақ, су, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы және т.б.;
Қауіпсіздікке деген қажеттілік – қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық, т.б.;
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттілік – отбасы, сезім, байланыс, ұжым және т.б.;
Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік – жетістік, мәртебе, жауапкершілік, бедел;
Өз-өзін таныта білу – тұлғалық өсу және өзін-өзі іске асыру.
Қажетсіну пирамидасының басқа нұсқалары да бар. Алғашқы нұсқасы:
физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.;
қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы;
әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу;
абыройлылық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу;
рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану;
Одан толығырақ сипатталған иерархия да бар. Бұл жүйеде жеті деңгейлі қажеттілікке басымдық берілген:
Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты басымдыққа ие болмайды, яғни әр адамға қажеттіліктердің маңыздылығы әр түрлі.
Маслоу «өзін-өзі көрсетудің бір жолы ретінде оқуды қарастыруға болады» дейді. Өзін-өзі көрсету басты мақсат болғанымен, басқа деңгейлермен байланысты мақсаттар да басымдыққа ие бола алады. Бұған жұмысты аяқтау және импульстарды бақылау сезімдерін жатқызуға болады.
Маслоудан кейін Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым-қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім берудің қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтитыны туралы идеяны да өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе эмпиристік оқудың сиапаттамасы төмендегідей:
оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуі де адамның жеке өзінің араласуын көздейді;
- оқу оқушының өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалғанның күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады;
- оқу ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысын, қарым-қатынасын, тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды;
- оқуды «өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі білмейтін салаларды анықтай мА» деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
- оқудың мәнділігi – мағынасында. Мұндай оқу орын алған жағдайда оқушы үшін оқудың элементі жалпы тәжірибе ретінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |