13-ші тақырып. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы революцияшыл демократиялық педагогика Сұрақтар: 1. Тәрбиенің мәні және рөлі Н.Г.Чернышевский (1828-1889)
2. Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы (1828-1910)
Тапсырма:Берілген жұмыс бойынша материалдар жинақтау, іріктеу.
Жұмыстың мақсаты: Педагогика ғылымының дамуына XIX ғасырдың 60-жылдарында үлесін қосқан революцияшыл демократиялық педагогика ғалымдары еңбектерімен танысу
Негізгі теориялық қағидалары: Осындай тар мағыналылығына қарамастан, 1804 жылғы оқу орындарының уставының кейбір тарихи прогресшіл жақтары да болды: оқу орындарының бір-бірімен байланыстылығы, сатылы түрде құрылуы көрсетілді. Уездік училищелер мен гимназиялардың оқу жоспарлары біраз кең көлемді реалдық білімдер талап етті. Осы 1804 жылғы уставтан кейін қалаларда, баяу қарқында болса да, оқу орындарының саны өсті. 1812 жылғы Отан соғысының қарсаңында Россияның 47 губерниялық қалаларының барлығында да гимназиялар, уездік қалаларда уездік және приход училищелері ашылды.
Бірақ бұл «либералшыл» делінген оқу орнының уставы сословиелік-крепостнойлық құрылыстың негізін бұзғысы келмеді. Оқу орындары негізінен қалаларда ашылғандықтан, шаруалар бұрынғысынша сауатсыз қала берді. Уставта оқытушылардың педагогикалық творчествасында да өзгеріс енгізе алмады, оқытушы өзінің жоғарғы басшыларының әмірін орындайтын дәрменсіз үкімет чиновнигі дәрежесінде ғана болды.
Өкімен крепостнойлық-сословиелік идеологияны күшейту мақсатында барлық оқу орындарындағы дін оқуын ендірді.
1812 жылғы Отан соғысы орыс халқының сана-сезімін дамытуда ірі рөл атқарды. Елде бостандық сүйгіш пікірлер өрістеді, крпеостнойлық пен самодержавиеге қарсы саяси күреске шыққан құпия, жасырын одақтар құрылды. Оқу орындарында бұрын тыйым салынған Пушкиннің; Рыслеевтің, декабрист ақындардың шығармалары тарады.
Бұған үкімен ағарту саласында өріс алған реакцияны күшейтумен жауап берді: оқу орындарында қатал аракчеевтік режим орнады, халықтың білім алуын тежеуге бағытталған бірнеше указдар қабылданды. Гимназиялардың оқу жоспары ірі өзгеріске ұшырады: дін сабағы кеңінен енгізілді, жастардың санасында бостандық сезімін оятатын философия, саяси экономия табиғи право, эстетика теориясы пәндері алынып тасталынды.
Реакция университеттерге де төнді: Қазан унмверситетті үкіметтің қатты бақылауында алынып, оған реакционер попечитель Магницкий, ал Петербург университетіне реакционер Рунич тағайындалды, прогрессившіл университет оқытушылары мен студенттер үстінен полициялық бақылау орнатылды.
Осы кезде Россиядағы оқу орындарына пеждагогикалық ой-пікірдің дамуына самодержавиелік-крпеостнойлық құрылысқа қарсы шыққан декабристердің революцияшыл күресінің белгілі әсері болып жатты.
Дворян революционерлерінің программалық талаптырының негізгі бір саласы – халық және крпеостной шаруалардың арасына сауаттылықты тарату еді. Олар патша чиновниктерінің мәдениет пен ғылымның дамуына тигізіп отырған кедергі әрекеттерін, ғалымдар мен оқытушылар үстінен жүргізіп отырған ролициялы – бюрократтық бақылау жүйесін қатты сынға алды.