15-ші тақырып. Егемен Қазақстандағы мектеп пен педагогика (1992- жылдан қазірге дейін) Сұрақтар: Абайдың дүниенінің дамуына көзқарасы.
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, ұлы ойшылы.
Тапсырма:Абай еңбектерін жинақтау, еңбектерінен аннотация жазу.
Жұмыстың мақсаты: Абай еңбектерінің оқыту мен тәрбие берудегі рөлін айқындау және мазмұнымен танысу.
Негізгі теориялық қағидалары: Абай - қазақ халқының ұлы ақын, жазба әдебиетінің негізін салушысы, сонымен бірге ұлы ойшылы.
Абай дүниетануда материалистік тұрғыда болды. Абай түсінігінде, табиғат біздің санамыздыан тыс және бізге бағынышсыз өмір сүреді. Біздің сеніміміз, қабылдауымыз және ойлауымыз айналадағы ақиқат, шындық өмірдің сәулесі ғана. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», - дейді Абай.
Абайдың дүниенің дамуына көзқарасы, әлі кемеліне келіп жетпеген болса да, диалектикалық еді: ол табиғат құбылыстарын бір – бірімен өзара байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда алып қарастырады.
Алайда, Абайдың материализмі дәйекті, жүйелі, толық материализм емес еді. Оның дүниетануында материалистік көзқарастармен қатар, ақынның өмір сүрген дәуірімен байланысты және белгілі дәрежеде оның материалистік көзқрасын бүркемейтін дейстік көзқарастың элементтері де ұштасып отырады.
Абай қазақ халқы дамуындағы прогрестің халық ағарту ісін кеңінен өрістетуге байланысты екендігін өте дұрыс түсінді.
Ол қазақ халқының саяси – экономикалық және мәдени артта қалушылығы – оның феодалдық – патрихалдық қатынасынан, рулық талас – тартыстары орын алған көшпелі тұрмысынан тауып отырған бытыраңқылығының салдары екендігін жақсы білді.
Алайда, Абайдың қоғамдық – саяси көзқарасының белгілі дәрежеде сол өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық қатынастары мен көзқарастарының дәрежесінен шыға алмаған кездеріде болды, яғни белгілі дәрежеде тарихи шектеуліктен де құр алақан болмады. Ол тарихты идеалистік тұрғыдан түсінушілктен арыла алмады, сөйтіп, қоғамды өзгертуге халық ағарту ісінің ролін асыра бағалады. Ол кездегі әлі мешеу феодалдық – патриархалдық Қазақстан жағдайында, Абай елді революциялық жолмен қайта құруға болатын қоғамдық күшті тани алмады. Ол қазақ аулындағы тап тартысын көрді, бірақ сол күрестің мәнін дұрыс түсінбеді және одан бдұрыс революциялық қорытындылар шығара алмады.
Өзініңкөптеген шығармаларында қазақ халқының көрнекті ағартушысы Абай өз халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп – шенейді. Тек өзінің қарын қамын, яғни тән қажеттілігін өтеуді ғана ойлап, рухани қажеттігін ойламайтындарға, еңбексіз мал табудың жолына түсушілерге, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінің жағымпаздығымен ұлық алдында көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды.
Ата – ананың надандығы мен қараңғылығын айта келіп Абай солардың өз баласынадұрыс тәрбие беруіне шүбәланады. («Оныншы сөз»). Ол осындай ата – аналарды: «... бір білі туғызып. Оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?» - деп сөгеді. Жақсы «... ббаланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?». Жоқ, баланы «... өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіна тағы да ортақ боласың», «... осы ма берген тәлісің? Осы баладан қайыр күтесің бе?» - дейді ақын.