«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


-ші тақырып. Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлар (XV-XVII)



бет8/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Прак зан жаңасы

7-ші тақырып. Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлар (XV-XVII)
Сұрақтар:

  1. XV-XVII педагогикалық ойлар мен тәрбие дамуының ерекшеліктері.

  2. Педагогикалық ойлардың дамуы. (Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет т.б.).

  3. М.Қ.Дулати, Қ.Жалайыр еңбектеріндегі тәрбие мәселелері.

Тапсырма: Реферат жазу
Жұмыстың мақсаты: Студенттер жадында М.Қ.Дулати, Қ.Жалайыр еңбектеріндегі тәрбие мәселелері туралы түсініктерін қалыптастыру. XV-XVII педагогикалық ойлар мен тәрбиен туралы материалдарды жан-жақты қарастыру.
Негізгі теориялық қағидалары:
XV-XVII ғасырда Қазақ халқы тарихында ерекше орын алды. Халқының өзіндік ауызша шығармашылығы, ауызша жазба әдебиеті, төл-тума музыкалық өнері осы кезеңде қалыптасты. Адамгершілік қасиеттердің бастаулары айқындала, этникалық ұғым түсініңтер қалыптасты, Адамдардың рухани өміріне қатысты өзге салалардағы әлеуметтік-философиялық, моральдық-этикалық, психологиялық-педагогикалық маңызға ие шығармалар дүниеге келді. Тәрбие мен педагогикалық ой нақты тарихи, мәдени адамгершілік идеологиялық құндылықтардың өрістеуі дамып, халық педагогикасымен астасып жатты. Халық педагогикасының дәстүрлі негіздері одан әрі нығайып және жаңа мазмұнмен толықты. Олардың қатарынада:

  1. Балаға отбасылық өмір мен қоғамдық өмір тұрмыс-салттың ықпалы (отбасы құрамы мүшелерінің өзара қарым-қатынаста, балаға қарым-қатынас, қоғамдық тұрмыс, қоғамдағы қарым-қатынастың сипаты, олардың балаға ықпалы т.б.).

  2. Бала тұлғасының дамуына еңбек әрекетінің ықпалы (еңбектің түрлері, балалар еңбегі, баланың қоғамдық жұмысқа қатысуы).

  3. Дәстүрлі мерекелер және олардың баланың дамуына ықпалы ( түрлі мерекелер, жастар мерекесі, календарлық мерекелер, әдет-ғұрыптар, діни мерекелер).

  4. Отбасының салттар және олардың бала тәрбиесіне ықпалы.

Педагогикалық ойлардың дамуы. (Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет т.б.). Бұл кезеңдегі педагогикалық ойдың дамуында ақын-жыраулардың ролі ерекше болды. Олар импровизатор, ән-толғаулар мен өлең өсиеттердің авторы болды. Осыған орай олардың шығармаларындағы зор дидактикалық жүктеме ор қалады. Осындай есімі құрметпен аталатын жыраулар қатарында Асан қайғыны айтуға болады. (XVғ) Асан қайғы адамның жетілуін жоғарғы-моральдық құндылық, адамгершілік мінез-құлықтың негізгі ретінде қарастырды. Олардың көрсетуінде өмірдің мәні жалпыға ортақ игілікке жалпы келісімге адамдар арасындағы үйлесімділіккке жету. Өмірдің мәні әр адам өзінің жетілуі үшін қамқорлық жасауы тиіс, ол үшін адамның қылығы ізгілікті болуы сүйіспеншілікпен жаңашылдық әділетті болу, сабырлы болуы қарапайым болуы керек. Олардың көрсетуінде тұлғалардың дамуы ешкімге зиян келтірмей жүзеге асуы қажет. Асан қайғы шығармаларында педагогика мен психология ғылымы үшін аса маңызды идеялар көптеп көрсетеді. Мәселен, ол шешендік өнерге, сөйлесе білуге, сөйлеу мәдениетіне ерекше назар аударды. Тіл айналасындағы әлемді танып-білу құралы ғана емес сондай-ақ моральдық жетілудің қуатты құралы деп түсіндірді. Жақсы сөйлеу, әдепті сөз, адамгершілікті тұрғыдан тәрбиеленген адамның басты көрсеткіштерінің бірі деп көрсетеді. Сондай-ақ олардың нақыл сөздері мен қазіргі психологияға жақын жекелеген ұғымды кездестіруге болады.Мысалы, асыо сөз, ой түбі, шер т.б. Бұл ұғымдарды қолдана отыра ол әсерлі сөздердің адамның терең ойының көрінісі болып табылатындығын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет