Педагогика тарихының зерттеу әдістері. Әдіс (грек сөзі – зерттеу жолы, тану, теория) – шындықты игерудің практикалық және теориялық формасы, практикалық танымдық және теориялық әрекеттің реттеуші жүйесі.
Педагогика тарихында төмендегідей әдістер тобы пайдаланылады.
1. Жалпы ғылыми – көпшілік ғылымдарда қолданылады. Оның көлемі зерттеудің түріне байланысты болады – эмпериктік теориялар және т.б. Бұған жататындар: логикалық, тарихи, жүйелі құрылымдық және функционалдық анализ.
2. Тарихи зерттеу әдістері– тарихи генетикалық, тарихи – салыстырмалы, тарихи – типологиялық, тарихи – жүйелілік, ретроспективті.
3. Педагогикалық зерттеу әдістері – мұрағат құжаттарының анализі, мектеп құжаттарының анализі, модельдеу, құрылымдық анализ, стастикалық анализ жатады.
Жұмысты орындау тәртібі 1. Практикалық жұмыстың мақсаты және негізгі тапсырмаларымен танысу;
2. Тақырып бойынша теориялық білімдерін толықтыру;
3. Орындалған жұмыстың нәтижесін топшылап кесте, үлгілерді толтыру.
Әдебиеттер: [1; 2; 5; 10;]
2-тақырып. Ежелгі дәуірдегі мектеп пен тәрбие Сұрақтар: Тәрбиенің пайда болуы жайлы көзқарастар
Алғашқы қауымдағы тәрбиені зерттеу мәселелері
Тәрбие әрекеттің ерекше түрі ретінде
Тәрбиенің ұйымдасқан формаларының пайда болуы
Тапсырма: Сұрақ-жауап формасында дәрісте қаралған мәселелерді талқылау, олардың қорытындысын жазыңыздар.
Жумыстың мақсаты: Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы. тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы, тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы туралы білімдер жүйесін кеңейту
Негізгі теориялық қағидалар Тәрбиенің пайда болуы жайлы көзқарастар
Әлемдік ғылым тәрбиенің шығуы жайлы бірнеше концепция ұсынды. Оның арасында Летурно Симпсон, Эспинас ұсынған эволюциялық – биологиялық және Монро ұсынған психологиялық, педагогикалық теориялар бар.
Эволюциялық – биологиялық теориялапдың өкілі алғашқы қоғам адамының тәрбиелік әрекетін ұрпаққа қамқорлық жасаумен теңестіреді. Ао Монро көрсетуінде тәрбиенің пайда болуы баладағы үлкендерге еліктеу көрінісімен байланысты. Бұл екі теориядағы ұқсастық алғашқы қоғамдағы тәрбие баланың бар затының тәртібіне біртіндеп икемделуі деп түсіндіруінде.
Сондай – ақ қазіргі көптеген зерттеушілер тәрбиенің шығуы жайлы мәселені қарастырғанда кейбір хайуандар мен адам әрекеті формалары арасындағы сабақтастықты ескеру қажет деп есептеді. Сондай – ақ адамдық тәрбиенің адамдық сипаттамасына ерекше көңіл аударады. Осыған орай олар тәрбиені адам әрекетінің ерекше түрі ретінде түсіндіреді.