«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


-ші тақырып. Жаңа дәуірдегі мектеп және педагогика (XVII-XIX)



бет9/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Прак зан жаңасы

8-ші тақырып. Жаңа дәуірдегі мектеп және педагогика (XVII-XIX)
Сұрақтар:

  1. XVII жалпы педагогиканың белгілері

  2. Жаңа дәуір басындағы педагогикалық ой: Бекон; Коменский, Ратке

  3. Германиядағы; Англиядағы, АҚШ-тағы ағартушылық педагогикалық идеялар

  4. Француз революционерлерінің педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары

Тапсырма: Реферат жұмысын орындау
Жұмыстың мақсаты: Жаңа дәуірдегі мектеп пен педагогикалық ойлардың дамуы және олардың оқыту мен тәрбие процесін дамытуға қосқан үлестері туралы мағлұматтармен танысу.
Негізгі теориялық қағидалары:
Жаңа дәуірдегі мектеп және педагогикасының 16-17 ғасыр аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский 1592 жылы 28 мартта туды. Бұл кезде 15 ғасырдың бас кезінде болған тарихтағыаса зор ұлт – азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар мен қолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдардан «чехтық» немесе «Богемалық туыстар» атты қауымдарын (община) құрды. Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның көсемі болды. Қауымның көмегімен ол латын (орта) мектебін, кейіннен университетті бітірді. Мұнан соң священник болып сайланады, сонымен бірге қауымның «туыстық» мектебін басқарды.
Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына Қайта өркендеу дәуіріндегі гуманизмнің әсері күшті болды. Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті адамгершілік жақсы қасиеттерді қасиеттерді тәрбиелейтін « адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, адам ақылы « ақиқатында бүкіл дүниеде зор» деген тұжырымға келді. Коменский мұндай гуманизмі адам жөніндегі орта ғасырлық көзқарасқа тікелей қарама – қарсы еді.
Коменскийдің өз кезіндегі білім беру жүйесін, схоластикалық мектепті әр жақты және дәлелді сынға алуының қоғамдық зор мәні болды. Әсіресе оның халықтың төменгі тобының мектепке қолы жетпей отырғандығын, осының арқасында халық арасындағы көптеген таланттар мен дарындардың көзге түспейтіндігін, мұның мемлекет тағдырына зияндылығын көрсетті, мектеп құрылысын қатаң сынады, бұл сол кездегі демократиялық топтардың қоғамға наразылығын туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет