«Білім беру және педагогикалық ойлардың тарихы» пәнінен тәжірибелік жұмыстар жиынтығы


Схоластикалық тәрбиенің педагогикалық ойға ықпалы



бет6/16
Дата19.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#58063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Схоластикалық тәрбиенің педагогикалық ойға ықпалы
Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларында діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы педагогиканың дауына өз әсерін тигізбей қоймады: «Схоластика» (латынша ғылым schola- мектеп деген сөдерден шыққан) деп аталады, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп негіздеуі тиіс болды.
Ондаған ғасырға созылған феодалдық қоғам өмірінің соңына қарай (15-16ғ.) батыс Европаның бірқатар елдерінде өнеркәсіп, сауда-саттық, теңізде жүзу ісі т.б. дами бастады, ол техниканың, жаратылыстанудың, математика мен механиканың дамуын тудырды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндіріс қатынастардың одан әрі дамуы 15ғ. Аяғы мен 16 ғ. Басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді.
Мұның бәрі сайып келгенде ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми тәсілдеріне көшуін талап етті.

Әдебиеттер: [1;'2; 5;]


5-тақырып. Француз философ материалистер К.А. Гельвеций және Д.Дидроның педагогикалық идеялары
Сұрақтар:

  1. Батыс Европаның тәрбие мен білім беру негіздері

  2. Мектеп пен тәрбие ісінің дамуы

Тапсырма:
Орындалған практикалық жұмыста алынған мәліметтердің нәтижесін талқылап, олардың қорытындысын жазыңыздар.
Жұмыстың мақсаты: Батыс Европадағы тәрбие мен білім беру ісінің дамуы туралы жан-жақты білімдер жүйесімен қаруландыру
Негізгі теориялық қағидалар
Білім берудің ірі реформалары жүзеге асты. Бір жағынан бұл реформалары білім берудің жалпы ұлттық жүйелерінің құрылуына шіркеулердің мектепке ықпалының әлсіреуіне білім беру деңгейінің артуына алып келді. Екінші жағынан ол батыс тұрғындарының көпшілік бөлігінің қандай да бір білімді игеруін қамти алмады. Бұрынғысынша діннің мектепке ықпалы үстем болды. XIX ғасырдағы АҚШ-тағы мектеп пед педагогикалық ой.
Эксперименттік педагогика
Империализм дәуіріндегі буржуазиялық педагогикада эксперименттік педагогика көрнекті орында болған, мұның белгілі өкілдері неміс педагогтары Эрнст Мейман (1862-1915) және жоғарыда аталған А.Лай болды.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Германия мен Америкада құрылған эксперименттік педагогикалық психологияның лаболраториялары кейіннен Англияда, францияда, Италияда, Россияда ашылды. Кейінірек оқу мен тәрбиенің проблемалары біртіндеп эксперименттік зерттеу арқылы жүргізіліп отырды, сөйтіп, эксперименттік педагогика ерекше бағытболып дамыды.
Эксперименттер үшін әдейі жасалынған өлшеу приборларының көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене дамуының кейбір заңдылықтары анықталды, балалар шығармашылығының (сурет салу) жалпы ерекшеліктері зерттелді, балалардың қабылдауын, ойын дамытуға шығармашылық еңбектің маңызы бары анықталды. Мұнда басқа да бағалы байқаулар мен қорытындылар жасалынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет