3
Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті
мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы
Мақсаты: білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық
саулығын қолдау
Суицидтік іс-әрекетке тікелей себеп – дау-дамайдың пайда болуы. Дау-
дамай дегеніміз – белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші
жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай.
Бұл жақын адамның қазасы,
түсініспеген махаббат, жауапсыз махаббат, жалпы қарым-қатынастың бұзылуы
және т.б. болуы мүмкін. Басқаларға қарағанда өзін төмен сезіну, айтылған кез-
келген сөзді жазғыру сияқты қабылдаудан пайда болған күйзелістен
туындайтыны жиі кездеседі.
Кейбір сынып жетекшілері өз міндеттеріне жауапсыз қарап, баланың
басындағы болған
жағдаяттан хабарсыз болады, оқушының сабаққа қатысуы
мен үлгеріміне бақылау жасамайды. Осындай салғырттық оқушыға қажетті
көмекті дер кезінде көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыруға кедергі келтіреді.
Баланы балағаттау, кемсіту, тіл тигізу
жағдайларына педагогтар
тарапынан психологиялық және дене зорлығын болдырмау мақсатында мектеп
әкімшілігі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қатаң қадағалап,
бақылауға алғандары дұрыс.
Психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін,
оның
көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда жүрген балалардың
қандай күйде болатындығын жете түсіндіруі қажет. Ата-анасына қарсы шығып,
шарапқа әуестенген,
темекі тартқан, буллингке қатысы бар, төбелескен кез
келген жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін.
Сонымен қатар жеткіншектерде түпкі ойы өлімге негізделмеген, суицидтік
әрекетті қулық ретінде жасау жиі байқалады. Өзінің
өлімінің жақындарына қалай
әсер ететіні білгісі келу, мысалы, «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожа мен
Сұлтан әрекеттері немесе «екінші рет туылам» деген аңғал үмітінің болуы.
Жас суициденттердің басым көпшілігінде өз мүмкіндіктеріне
сәйкес
келмесе де өздеріне жоғары талап қою жиі кездеседі.
Белгілі бір нақты себептермен баласын рухани және эмоциялық тепе-
теңдікпен қамтамасыз ете алмаған отбасы, оның
суицидтік әрекет жасауына
түрткі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасөспірімдердің арасындағы
суицидтің
92%-ы
отбасындағы
келеңсіз
жағдайларға
байланысты
туындайтынын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: