Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасы


«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#84684
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы 
Ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңды шатасқан жіп күйінде сурет 
етіп сал. Кескіннің төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жаз. Немесе оны 
нақтырақ атауыңа болады. Кескіннің сол жағына төменірек өзіңнің суретіңді 
(фото болса тіпті жақсы) бейнеле де есіміңді жаз. Содан соң қайшы ал да жіпті, 
яғни проблемаңды қиып таста. Сенің нақты көзің жетті: проблема жойылып 
кетті. Қайшының жүзі арқылы бір сәтте оны қиып тастадың. Дәлірек айтқанда, 
осы іс-әрекет туындаған қиын жағдайларды жеңіл шешуге болатынына көзіңді 
жеткізеді. 
№6 Тақыры: «Реніштен арылу» 
Мақсаты: 

өз-өзін ұстай білуге үйрету; 

басқаларға қиындық туындаған уақытта 
көмек көрсету мен өзгенің 
қайғысына, қуанышына ортақтаса алуға үйрету. 
Өткен сабақтарда біз ашу-ызаның не екенін және онымен қалай күресу 
керектігін талқыладық. Енді біз ренішпен қалай күресу керектігін үйренейік. 
«Реніштер қобдишасы» жаттығуы 
Балаларға дорба – реніштер үшін қобдиша бейнеленген парақтар 
таратылады. Балалардың әрқайсысына ренжіген және көңілі құлазыған кездерін 
жазу ұсынылады. Ол қандай жағдайлар еді? Ересектерге немесе құрдастарыңа 
ренжідіңдер ме? Барлық реніштеріңді (немесе ең маңызды біреуін) естеріңе 
түсіріп, ренішке арналған қобдишаға орналастырыңдар. Өз реніштеріңді 
бейнелеп немесе сөзбен жазауларыңа болады. 
Талдаубалалар төмендегі формулаға сәйкес шеңбер бойымен өз реніштерін 
айта бастайды: 

...болғанда, мен ренішті сезіндім. 


19 

Кім дәл... (есімін атайды) сияқты өзін сезінді ме? Оған айтыңдаршы, өзіңіздің 
не сезінгеніңізді. Тағы кім өзін дәл осылай сезінді? Осыны барлығын айта аласыз 
ба? 

Тағы кім...(есімін атайды) сияқты жағдайлармен кездесті. Оған айтыңыз. 
Өздеріңіздің реніштеріңізді айтқан уақытта, қобдишадағы реніштер 
кішірейгенін байқадыңыздар ма? Көрсетіңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет